home
home home

Абай болыңыздар, алаяқтар!

 

Қордай ауданы прокуратурасы азаматтардың сеніміне қиянат жасау мен алдау арқылы бөтеннің мүлкін жымқырумен байланысты  (алаяқтық) қылмыстылықтың жағдайына талдау жүргізді.

Талдау барысында интернет алаяқтық деректерінің жиелегенін көрсетті.

Алаяқтықтың кең таралған түрі интернет жүйесі арқылы, мобильдік байланыс және жұмысқа орналастыруға және мүлікті алуға көмектесуді ұсыну арқылы жәбірленушілердің қаражатын иемдену.

Мысалы, 2020 жылғы сәуір айында Қордай ауданының тұрғыны «Kaspi Bank» терминалы арқылы белгісіз тұлғаға интернет жүйесі арқылы 100 000 теңге ақшаны автобөлшектерді алу үшін аударған. Алайда, ақша аударымын алған тұлға, затты жеткізуге ниеттенбей, аталған қаражатты жымқырған. Мұндай мысалдар аз емес.

Қазіргі таңда 5 дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.

Орын алған жағдайды түзеу және алаяқтық деректерін азайту мақсатында сатып алушылардың қаражаттарын иемдену және қиянат жасау деректері бойынша қылмыскерлердің әдістерін халыққа түсіндіру арқылы профилактикалық жұмыстарды күшейту туралы шешім қабылданды.

Осыған байланысты, алаяқтардың қолына түсіп қалмау үшін азаматтарға бүкіл әлемдік интернет жүйеде қандай да бір келісім шарт жасарда ұқыптылықпен қарап және сақ болу қажет.

Интернет арқылы қымбат заттарды сатып алар бұрын сатушының және заттың бар екендігіне көз жеткізу керек.

Ұтыс туралы СМС-хабар немесе телефон шалған уақытта оған қайта хабарласу немесе жауап беру ұсынылмайды. Әңгімелесуші ақша қаражатын банк картасы, телефонға аударуды ұсынған жағдайда онымен әңгімені бірден тоқтатып полиция органдарына жүгіну қажет.

Қордай ауданының прокуратурасы


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.