home
home home

Арал ауылындаєы есепті кездесу

 

 

Степной ауылдық округінің әкімі Жүсіпбек Спанов Арал және Қалғұты ауылдарында есепті кездесу өткізді. Жиын барысында округтің әлеуметтік экономикалық дамуы турасында сөз қозғалып, алға қойылған жоспарлар айқындалды.

 

Жақын арада Арал ауылында жаңа мектептің құрылысы басталмақ.

Ауылдық округ әкімімен кездесуге келген ауыл тұрғындары әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына алаңдаушылық білдірді.

Сонымен қатар, сапалы ауыз су мәселесі көтерілді. Былтыр Арал ауылында жаңа сумен қамту жүйесі салынды.

Бюджеттік қаражатты игеру мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Бұл мәселе жіті қадағалауда. Округ бойынша бюджеттен 55168,0 мың теңге жоспарланып, әртүрлі мақсатқа 55157,7 мың теңге жұмсалған.

2020 жылы ауылдық округте жоспарланған 8745,0 мың теңгенің орнына 11664,8 мың теңгеге салық жиналып, жоспар 133,4% артығымен орындалды.

«Асар» жобасы аясында аз қамтылған ауыл тұрғынының үйі жөндеуден өтті. Округ әкімі тұрғындардың барлық өтініштері мен ұсыныстары бақылауға алынатынын жеткізді.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.