home
home home

Ауыл басшысына алғыс

 

Қордай ауылының келбеті күн санап көркейіп ажарланып келеді. Өткен жылы округте халық игілігіне жасалған дүниелер қаншама. Соның бәрін күнделікті көзбен көріп, көркею жолындағы Қордайдың әр минутына куәгер ауыл тұрғындарының басшылыққа айтар алғыстары зор.

Тақтайдай асфальт жол, түнді жарық қылған шамдар, жанға сая болған саябақтар мұның бәрі кезінде ауыл тұрғындары үшін арман болатын. Бүгінде ел тілегі орындалып, Қордай ауылы бір жыл ішінде адам танымастай өзгеріп шыға келді. Осы игі істер үшін ауыл тұрғындары округ әкімі Бақыт Сахатовқа деген алғыстары шексіз. Тек бұл жұмыстармен ғана шектелмей қайырымдылық істерге де белсене араласатын әкімге «Болашақ» мөлтек ауданының тұрғындарының ықыласы ерекше. Бұл жайында ауыл белсендісі Қарлығаш Жұмажанова көп істерге куәгер екенін айтады. Жағдайы төмен, көпбалалы отбасылар басшылықтың басты назарында екенін аңғаруға болады. Өйткені, жуырда көпбалалы отбасыға «көгілдір отынның» кіруіне ықпал жасаған әкімге ауыл жұрты дән риза. Күнделікті тұрғындармен жүздесіп тұратын басшы қайырымдылық жұмыстарына кәсіпкерлерді тартумен айналысып тұрады.

«Расында ауыл әкімі Қордайымыздың көркейіп дамуына үздіксіз қызмет етіп келеді. Әр тұрғынның мәселесіне мән беріп қарайды. Жұмыстан тыс қайырымды істер атқарады. Оның барлығына өзім куәмін. Қаншама отбасыға  қыстық отын түсіріп, көптеген жандардың бұрыннан шешілмей келе жатқан құжаттарын рәсімдеуге атсалысты. Осы белсенді жұмыстарына ауыл тұрғындары атынан алғыс айтамын», – дейді Қарлығаш Жұмажанова.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.