home
home home

баспасөз конференциясы 164 іс татуластырумен аяқталды

 

Қордай аудандық сотында 2020 жылдың 12 айындағы  сот жұмысының қорытындыларына арналған онлайн баспасөз конференциясы өтті. Оған Қордай аудандық соты төрағасының м.а. З.Абдикеримов, «Қордай шамшырағы» және «Вестник потребителя и предпринимателя» газеттерінің тілшілері қатысты.

 

З.Абдикеримов өз баяндамасында статистикалық деректерді көрсетіп, оған сәйкес 2020 жылдың 12 айында  Қордай аудандық сотымен  192 қылмыстық іс қаралғанын, оның  ішінде  айыптау үкім шығаруымен 183 қылмыстық іс қаралғанын жеткізді. Осы кезеңде, сотпен 917 азаматтық істі қаралып, оның ішінде 467  шешім шығаруымен, 166 сот бұйрықтарын шығаруымен, 181 іс өндірісінің  қысқартылуымен аяқталыпты.

Жалпы 2020 жылы 757 адамға қатысты 756 әкімшілік іс қаралып, 78 іс өндірісімен қысқартылса, 31 іс медиация арқылы аяқталған.

Қордай аудандық соты «Отбасылық сот», «Татуластыру рәсімдері» пилоттық жобаларына сәтті жүзеге асырған. Мәселен, осы жобалар шеңберінде 164 іс татуластыруымен аяқталған.

Қордай аудандық соты төтенше жағдай жарияланған, яғни  2020 жылдың 15 наурызынан бастап онлайн режимде 751 азаматтық іс, 167 қылмыстық іс, 558 әкімшілік іс қараған. Карантиндік режимге байланысты талап арыздар, арыздар, істерді қабылдау «Сот кабинеті», «ЕСЕДО» электрондық сервисі арқылы жүзеге асыпты. Барлық істер бойынша сот отырыстары «Whatsаpp», «TrueConf» және т.б. мобильді қосымшалар арқылы қаралған.

З.Абдикеримов «Татуластыру рәсімдері» пилоттық жобасын іске асыру мақсатында сот ғимаратында татуластыру кабинеті  ашылғанын, онда кәсіби медиаторлар және  билермен онлайн-режимінде  жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Конференция соңында З.Абдикеримов тілшілердің сұрақтарына жауап беріп, Қордай аудандық соты сот ісін жүргізуді одан әрі жетілдіру, сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігі, сондай-ақ азаматтардың сот жүйесіне деген сенім деңгейін арттыру үшін барлық шараларды қабылдап жатқанын айтты.

 

Қордай аудандық сотының баспасөз қызметі

 

тіл тўєыр


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.