Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Аудан әкімі

Қайрат Әскербекұлы Досаев 1965 жылы туылған, білімі жоғары. 1987 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын «инженер-механик», 2007 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін «экономист» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1987 жылы «Казсельхозмеханизация» ғылыми-өндірістік бірлестігінің инженері болып бастаған.
1994-1996 жылдары «Алтын диірмен» АҚ-ның инженері, «Дешт» ЖШС-нің директоры, 1996-1998 жылдары Алматы қалалық төтенше жағдайлар басқармасы бөлім бастығының орынбасары, Алматы қаласы Бостандық ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің сектор меңгерушісі, бастықтың орынбасары болған.
1998-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігі төрағасының көмекшісі, 2001-2007 жылдары Алматы облысы әкімінің көмекшісі, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, Қаратал ауданының әкімі, Алматы облысының табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау басқармасының бастығы, тарифтер жөніндегі басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кеңесшісі қызметтерін атқарған. 2007-2008 жылдары “Мекен” ЖШС директоры. 2008-2011 жылдары “2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы” АҚ Алматы филиалының директоры. 2011 жылдың мамыр айынан бастап «Казспортинвест» АҚ-ның вице-президенті қызметін атқарған.

2014 жылдың 17 ақпанынан бастап Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.