Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Ереже

        Жамбыл облысы

Қордай ауданы әкімдігінің

    2013 жылғы 5 шілдедегі

№540 қаулысымен бекітілген

 

 

«Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің

ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

 І. Жалпы ережелер

 

1.«Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

  1. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведостволары жоқ.
  2. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – мекеме) өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге жүзеге асырады.
  3. Мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
  4. Мекеме азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6.Мекемеге егре заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

  1. Мекеме өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленге тәртіппен мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен шешімдер қабылдайды.

8.Мекеме құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамағасәйкес бекітіледі.

9.Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылы, Төле би көшесі №106 үй. Пошталық индексі 080400.

10.Мемлекеттік органның толық атауы: «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  1. Осы ереже мекеменің құрылтай құжаты болып табылады. Мекеменің құрылтайшысы Қордай ауданы әкімінің аппараты болып табылады.
  2. Мекеменің қызметін қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады.
  3. Мекемеге ауыл шаруашылығы субъектілерімен мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тиым салынады.

Егер мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

ІІ. Мемлекетті органның миссиясы, негізгі

міндеттері, функциялары, құқытары мен міндеттері

 

  1. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссяисы:

шаруа қожалықтарының, ауыл шаруашылығы серіктестіктері және кооперативтерінің, ет-сүт өнеркәсіптерінің өркендеуін, олардың материалдық базасының нығаюын, өндіріске ғылымның жетістіктері мен озық, жаңа энергия мен байлықтарды үнемдейтін технологияларды жедел енгізе отырып, еңбек өнімділігін өндіріс тиімділігін арттыру қызметтерін үйлестіру.

  1. Міндеттері:

ауданның табиғи ресурстарын, экономикалық, еңбек және қаржы мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға ықпал ету негізінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді ұлғайту;

аграрлық секторды дамытуға бағытталғн мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

  1. Функциялары:

агрохимиялық және карантиндік қызметтермен бірлесе отырып егінді зиянкестерден, аурулардан қорғау жөніндегі шараларлы ұйымдастырып, минералды және органикалық тыңайтқыштарды тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді және басқа да шараларды жүргізеді;

мал шаруашылығында селекциялық мал асылдандыру, мал ұрықтандыру жұмыстарының ұйымдасуына жағдай жасау, асы тұқымды малдарды тиімді пайдалануға ықпал жасайды;

заңды және жеке тұлғалардың иелігіндегі ауыл шаруашылығы техникаларының есебін жүргізеді және лизингтік жүйе бойынша несиелендіру құжаттарды рәсімдеуге жәрдемдеседі;

мемлекеттік тіркеу номерлік белгілерін, техникалық паспорттарын, тракторист – машинист куәліктерін береді, жылжымайтын мүлік кепілін тіркеуді жасайды;

ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы егіс жұмыстарын ұйымдастырады, агротехникалық шараларды үйлестіреді;

шаруашылықтардың егістік жұмыстарында ауыспалы егістік сақтау технологиясының дұрыс жүргізілуіне жағдай жасайды;

ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге жаңа технологияның енгізілуіне, оларды пайдалануда техникалық ережелердің сақталуын қмтамасыз етуге шара қабылдайды.;

тұқым шаруашылығына қатысты жұмыстарды үйлестіреді;

өз құзіреті шегінде аудандағы ауылдық округтермен бірлесе отырып ауыл шаруашылығы субъктілерінің қызметін үйлестіру мен реттеу жөніде іс-шаралар әзірлейді.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін барлық мемлекеттік органдардан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

өз құзіреті шегінде аудан аумағындағы уыл шаруашылығы саласы бойынша аудан әкімдігі актілерінің және басқа да нормативтік актілер жобаларын әзірлеп, аудан әкімдігінің қарауына енгізуге;

ауыл шаруашылығы дамыту мәселелері бойынша орталық атқарушы органға әзірленген заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілер жобалары бойынша тиісті органдарға ұсыныстар енгізуге;

жүктелген міндеттерді орындау мақсатында өз құзіреті шегінде заңды және жеке тұлғалармен келісім-шарттар жасауға;

белгіленген тәртіппен азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін, ұсыныстарын, арыз-шағымдарын қарауға;

өз құзіреті шегінде соттардар, мемлекеттік биліктің өзге де органдарында аудан әкімдігінің мүдделерін білдіруге;

ауыл шаруашылығы саласы бойынша қолданып жүрген заңнаманы бұзған тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныс енгізуге;

өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иеленеді және жүзеге асырады, міндеттер көтеріп, келісім-шарттар жасайды, сотта талапкер және жаупкер болуға құқылы.

 

                    ІІІ. Мемлкеттік органның қызметін ұйымдастыру      

  1. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде басшылыққа мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларынң жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. Мекеменің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. Мекеменің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын қызметкерлері болады.
  4. Мекеменің бірінші басшысының өкілеттегі:

мекеменің құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді.

заңдарға және өзге нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мекеме қызметкерлерін тағайындайды және қызметтен босатады.

заңдарды белгіленген тәртіппен мекеме қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;

бұйрықтарға, қаржы шаруашылық есептерге, төлемдерге, шарттарға, мекеме ұсынатын өзге де құжаттарға қол қояды;

мемлекеттік органдарды, өзге де ұйымдарда сенім хатсыз мекемені білдіреді;

қолданыстағы заңдармен және осы ережелермен белгіленген шектреді мекеменің мүлкіне өкімдік етеді;

шарттар жайсайды және сенімхат береді;

банкілік есеп шоттарын ашады өзге де мәмілелер жасайды;

сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң бұзушылықтардың алдын алуға және мұндай көріністерге қарсы тұруға, өзіне белгілі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жәйттері туралы инстанция бойынша жоғары тұрған басшылыққа шұғыл үрде жеткізуге міндетті және мекеме қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы үшін дербес жауаптылыққ болады;

Қазақстан Республикасының заңдарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерін сәйкес өзге де өкілілетіктерді жүзеге асырады.

Мекеменің бірінші басшысы болған кезде оның өкілеттіктерінің қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. Бірінші басшысы өз қызметкерлерінің өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
  2. Мекеменің аппаратын Қазақстан Ресупбликасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатынжәне қызметтен босатылатын бөлім бастығы басқарады.

 

ІV.Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамаларында тиім салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жосапары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебін сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

V.Мемлекеттік органдарды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.