Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


«Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы» Қордай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 324 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қордай ауылы

«Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы» Қордай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 324      қаулысына толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы» Қордай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 324 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3172 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 19 қазанында жарияланған) келесі  толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасымен толықтырылсын.

  1. «Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

3) осы қаулының Қордай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің  орынбасары
    Б Саниязовқа  жүктелсін.
  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 Аудан әкімі                                                               Қ. Досаев                                                                        

 

 

 

Қордай ауданы әкімдігінің

2016 жылғы 28 қарашадағы

№ 414 қаулысына қосымша

Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тiзiмiне қосу үшін субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша өтінімдерді ұсыну мерзімдері

 

Басым ауыл шаруашылығы дақылдары Өтінімді ұсыну мерзімдерінің басталуы Өтінімді ұсыну мерзімдерінің аяқталуы
16. Күздік бидай 15.12.2016 жыл 23.12.2016 жыл
17. Жаздық арпа 15.12.2016 жыл 23.12.2016 жыл
18. Ашық топырақтағы көкөніс 15.12.2016 жыл 23.12.2016 жыл