Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Бөлім басшысы

Молдағалиев Дидар Манарбекұлы

DSC_0027 (копия)

                                                                                     

                                                   

                                                                                                                                Өмірбаян

Мен Молдағалиев Дидар Манарбекұлы 1984 жылдың 6 шілдесінде Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Б.Владимиров ауылында дүниеге келдім.

1990  жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Тамды ауылындағы  «Қойгелді» атындағы орта мектебіне 1сыныпқа оқуға бардым.

1998 жылы Тараз қаласындағы №5 Жамбыл Жабаев атындағы орта мектепке 9-сыныпта ауыстым.

2001 жылы жоғарыда көрсетілген мектепті бітірдім. Осы жылдың күз айында М.Х. Дулати атындағы мемлекеттік университетке «Жерді мемарациялау, рекультивациялау және қорғау» факультетінің күндізгі бөліміне оқуға түстім.

2006 жылы  университетті бітірдім.

2007 жылы «Қазақтың спорт және туризм»акдемиясына сырттай оқу бөліміне түстім.

2009 жылы аталған университеттен «Дене шынықтыру оқытушысы  және күрес жаттықтырушысы» мамандығын алдым.

2005-2006 жылдары ОМСДБ мектеп-интернатында тәрбиеші болып жұмыс істедім.

2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасының Дзюдо күресінің Жамбыл облысындағы филиалының директор орынбасары қызметін атқардым.

2008-2009 жылдары «Алғыр спорт-2008» жеке меншік спорт мектебінде директор қызметін атқардым.

2010 жылдары  №7 ОКТОЖДМБЖ коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Дзюдо күресінен жаттықтырушы қызметін атқардым.

20122013  жылдары  №3 және №5 облытық  спорт мектебінде директор орынбасары қызметін атқардым.

2013 жылдың қыркүйек айының 17 – нен бастап осы күнге дейін Қордай ауданы әкімдігінің  Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарып келемін.

2003 жылы Қарулы күштер қатарына шақырылып, Тараз қаласындағы №5513 әскери бөлімінде әскери борышымды қатардағы жауынгер ретінде атқардым.

2004 жылы   Жамбыл   облысындағы  қорғаныс Департаментінің  №0012061 әскери билетін алдым.

2010 жылы 30 қарашада  Неке құрдым.Қазір 2 қызым бар. Шетелде тұратын туысқандарым жоқ,туыстарым тарапынан құқық бұзушы-лық және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар жоқ.

Отбасылық жағдай: Үйленгенмін, 2 қызым бар:

Әкем – Молдағалиев Манарбек Қуатұлы 01.02.1961 ж.т.

Анам – Алисупова Уламкуль Жаналиевна 06.01.1962 ж.т.

Інім – Молдағалиев Данияр Манарбекұлы 15.05.1986 ж.т.

Інім – Қуатов Даурен Манарбекұлы 09.10.1992 ж.т.

Қарындасым – Қуат Мереке Манарбекқызы 22.03.1999 ж.т.

Әйелім – Қонарбаева Айкерім Санатқызы 18.05.1988 ж.т.

Қызым – Манарбек Амина Дидаровна  18.07.2011ж.т.

Қызым – Манарбек Медина Дидаровна 06.10.2012 ж.т.

Жетістіктер:

2000 жылы Самбо күресінен жасөспірімдер арасында әлем чемпионы (Испания) және Азия чемпионы (Орал қаласы)

2005 жылы ересектер арасында Самбо күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері. (Астана қаласы) Самбо күресінен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Дзюдо және Қазақша күрестен спорт шебері.