Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

2017 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша

Қордай ауданының әлеуметтік-экономикалық

көрсеткіштері туралы ақпарат

 

2017 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша Қордай ауданы келесі экономикалық даму көрсеткіштеріне қол жеткізді.

Өнеркәсіп кәсіпорындарымен 8681,9 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, физикалық көлем индексі 105,2 пайызды құрады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 29553,3 млн. теңге, физикалық көлем индексі 102,7 пайызды құрады.

Аудан бойынша мүйізді ірі қара мал 62,6 (61,0) мың бас, жылқы 16,0 (14,9) мың бас, қой мен ешкі 433,9 (405,8) мың бас,  шошқа 2,2 (2,2) мың бас, құстар 120,9 (117,8) мың бас бар. Сонымен қатар, 10119,6 тонна ет (118,4%), 48227 тонна сүт (107%), 15696,7 мың дана жұмыртқа (102,5%) өндірілді.

Бөлшек сауда тауар айналымы 12135,7 млн. теңге немесе нақты көлем индексі 122,7 пайыз.

Көтерме сауда тауар айналымы 4784,0 млн.теңге немесе нақты көлем индексі 85,9 пайыз.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 14337,4 млн. теңге немесе нақты көлем индексі 127,9 пайыз.

Пайдалануға 23,3 мың шаршы метр тұрғын үй берілді, 2016 жылдың тиісті деңгейінен 13,8%-ға артты.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 14425,5 млн. теңгені немесе 138,4 пайызды құрады.

Мемлекеттік бюджетке 3932,3 млн теңгеге салық және басқада міндетті төлемдер жиналған, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсімдер 504,8 млн.теңгеге артық немесе өсім қарқыны 114,7 пайызды құрады Оның ішінде:

Республикалық бюджетке жоспардан 48,9 млн теңгеге немесе 3,9 пайызға кем түсіп, 1196,3 млн теңгені құрады.

Жергілікті бюджетке жоспардан 141,2 млн теңгеге немесе 5,4 пайызға артық түсіп, 2735,9 млн теңгені құрады. Оның ішінде:

Облыстық бюджетке жоспардан 82,9 млн теңгеге немесе 7,3 пайызға артық түсіп 1210,5 млн теңгені құрады.

Аудандық бюджетке жоспардан 58,3 млн теңгеге немесе 4 пайызға артық түсіп, 1525,4 млн.теңгені құрады.

Аудандық бюджеттің трансферттердің түсімімен қоса кіріс бөлігі 10834,4 млн. теңгеге немесе 100,5 пайызға орындалды, шығыс бөлігі 11003,1 млн теңгеге немесе 99,4 пайызға орындалды.

Ауданның халық саны 2076 адамға немесе 1,4 пайызға өсіп, 142441 адамды құрады.

Спорт және дене шынықтырумен тұрақты шұғылданатын азаматтар саны 40728 адамды немесе 28,6 пайызды құрады.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен 5514 бала қамтылды, олар 39 балабақшада 4545 бала және 20 шағын орталықтарда 969 бала.

Аудан бойынша 794 қылмыс тіркеліп, 2016 жылмен салыстырғанда 108 қылмысқа немесе 13,6 пайызға азайды. Қылмыстың ашылуы 63,5 пайызды құрап,  14,4 пайызға артқан.