Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Қордай ауданының 2017 жылғы даму бюджеті

ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ 2017  ЖЫЛҒЫ ДАМУ БЮДЖЕТІ

Аудандық бюджет есебінен мемлекеттік органдардың объектілерін дамыту бағдарламасы бойынша аудан әкімдігі білім бөлімінің жаңа ғимаратының құрылысына жобалық-сметалық құжаттамасын мемлекеттік сараптамасымен әзірлеуге ақша бөлінді.

Шарбақты ауылындағы №36 орта мектептің спорт залы  құрылысын салуға, Соғанды ауылында 50 оқушыға арналған №33 мектеп құрылысын салуға, Көктөбе ауылындағы 50 оқушыға арналған №40 орта мектеп құрылысын салуға қаражат бөлінді.

 Сонымен қатар, аудандық бюджеттен Отар ауылындағы №41, Гвардейский кентіндегі №43, Жаңатұрмыс ауылындағы №29, Шарбақты ауылындағы №36 орта мектептерінің қатты отынмен жұмыс істейтін қазандық құрылысының ЖСҚ, Арал ауылындағы мектепке спортзал құрылысының ЖСҚ, Қалғұты ауылында 180 орынға, Күнбатыс-2 ауылында 150 орынға арналған орта мектептің құрылысын салу нысаны бойынша мемлекеттік сараптамадан өткізуге қаражат қарастырылды.

Қасық ауылындағы №23 орта мектеп пен «Қарлығаш» балабақшасындағы, Степное ауылындағы №24 орта мектебіндегі, Жамбыл ауылындағы №26 орта мектептің 2 ғимаратындағы  қатты  отын жылыту қазандығын табиғи газға ауыстыру үшін ЖСҚ әзірлеуге, Ауқатты ауылындағы №9, Қаракемер ауылындағы №14, Қарасай ауылындағы №20, Бетқайнар ауылындағы №27, Жаңатұрмыс ауылындағы №29, Сұлутөр ауылындағы №38 орта мектептері абаттандырумен күрделі жөндеу үшін ЖСҚ әзірлеуге қаражат қарастырылды.

Қордай ауылына 5 қабатты 50 пәтерлі тұрғын үй құрылысын салу нысанының ЖСҚ түзету және кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуге облыстық бюджеттен ақша бөлінді және Батыс тұрғын алқабын ИКЖ қамтамасыз ету құрылысы нысанына ЖСҚ әзірлеу және кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуге облыстық бюджет есебінен қаражат қарастырылды.

Сортөбе ауылындағы жеке тұрғын алқабының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын салу, электр жүйесімен қамтамасыз ету және көшелеріне, Қордай ауылындағы «Шығыс» және «Солтүстік» ықшам аудандарының тұрғын құрылыс алқабының инженерлік инфрақұрылым құрылысына ақша бөлінді.

Аудандық бюджеттен Күнбатыс-2 ауылындағы су құбыры жүйесін күрделі жөндеуден өткізу және оған сүзгі орнатуға, Қасық ауылындағы сумен қамту жүйесінің құрылысына ЖСҚ мемлекеттік сараптамасымен әзірлеуге аудандық бюджеттен қаржы қарастырылды.

Сонымен қатар, республикалық бюджеттен Ауқатты ауылының сумен қамту жүйелерін қайта жаңғыртуға, облыстық бюджеттен қосымша қаржыландыру бөлінді.

«Мәдениет объектілерін дамыту» бағдарламасы бойынша Степное ауылындағы мәдениет үйінің қазандығының құрылысы бойынша ЖСҚ мемлекеттік сараптамасымен әзірлеуге қарастырылды.

Қордай ауданындағы 7,4 шақырым «Ауқатты-Бәйтерек» автомобиль жолын салу» нысанына ЖСҚ әзірлеуге облыстық бюджеттен трансферт бөлінді. Аудандық бюджет есебінен Соғанды ауылындағы көпірдің құрылысын салу нысанына ЖСҚ әзірлеуге қаржы қарастырылды.

Қордай ауданындағы жолдарды жөндеуге  – 230 297 мың теңге бөлінді. Оның ішінде: Масанчи ауылындағы жаңа мектептің кіреберісіне орташа жөндеу – 2,7 шақырым; Қарасай батыр-Еңбек автокөлік жолына орташа жөндеу – 0-3 шақырым; Отар-Аңырақай-Бел жолына ағымды жөндеу; Алға-Көгадыр жолына ағымды жөндеу – 9,3 шақырым; Арал ауылына кіреберіс жолды ағымды жөндеу – 4 шақырым; Бетқайнар-Соғанды жолына ағымды жөндеу – 17-25 шақырым; Жаңатұрмыс ауылына кіреберіс жолды ағымды жөндеу – 4,2 шақырым; Қарасай батыр-Еңбек автокөлік жолына ағымды жөндеу – 3-13 шақырым; Кенен ауылына кіреберіс жолды ағымды жөндеу – 3 шақырым; Күнбатыс-1 ауылына кіреберіс жолды ағымды жөндеу – 3 шақырым; Күнбатыс-2 ауылына кіреберіс жолды ағымды жөндеу – 3 шақырым; Масанчи-Керу жолына ағымды жөндеу – 19 шақырым; Мұзбел ауылына кіреберіс жолды ағымды жөндеу – 3 шақырым; Сортөбе-Ауқатты-Қызылсай жолына ағымды жөндеу – 5+250-11+400 шақырым; Өтеген-Бәйтерек-Ауқатты жолына ағымды жөндеу – 16 шақырым.

«Өңірлерді дамытудың 2020 дейінгі» бағдарламасы шеңберінде өңірлерді  экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру» субвенция есебінен 25 жобаны іске асыруға қаражат қарастырылды. Оның ішінде: Қордай ауылының Домалақ ана көшесінің жаяу жолдарын ағымды жөндеуге (қашықтығы 1,15 км); Қайнар ауылына шағын футбол және  балалар ойын алаңын орналастыруға; Қақпатас ауылының  М.Адамбаев көшесінің жолын орташа жөндеуге (қашықтығы 0,5 км); Бетқайнар ауылының Алтын дән көшесінің жолын орташа жөндеуге (қашықтығы 0,6 км); Жаңатұрмыс  ауылының Абай көшесінің жолын орташа жөндеуге (қашықтығы 0,67 км); Степное ауылының Жеңістің 40 жылдығы көшесінің жолын орташа  жөндеуге (қашықтығы 0,75 км); Қасық ауылының  Т.Рысқұлов ат. №23 мектебінде орналасқан шағын орталығы алаңын (625 шаршы метр) орташа жөндеуге; Ноғайбай ауылына шағын футбол және балалар ойын алаңын орналастыруға; Алға ауылының М.Смағұлов ат. №34 мектебіне кіретін жолдың орташа жөндеуіне (1140 шаршы метр); Кенен ауылының Қордай батыр көшесінің жолын орташа жөндеуге (қашықтығы 0,34 км); Отар ауылының Жұмағұлов  көшесінің жолын (Керімқұлов көшесінен Қонаев көшесіне дейін)  орташа жөндеуге (қашықтығы 0,2 км), Аңырақай ауылының  көшесін жарықтандыруға (қашықтығы 0,3 км), Бел ауылының көшесін жарықтандыруға (қашықтығы 0,650 км); Үлкен Сұлутөр ауылының Құттықадамбаев көшесінің жолын орташа жөндеуге (қашықтығы 0,4 км); Сұлутөр ауылының Пушкин көшесінің жолын орташа жөндеуге (қашықтығы 0,335 км); Қарасу ауылындағы Өтеген батыр мавзолейіне баратын жолын орташа жөндеуге (қашықтығы 0,492  км); Ауқатты ауылындағы мәдениет үйінің айналасын абаттандыру жұмыстарына; Масанчи ауылының Ленин көшесіне (қашықтығы 1,3 км), Масанчи көшесіне (қашықтығы 0,1 км) жаяу жолдарын ағымды жөндеуге, барлығы 1,4  км  қашықтыққа; Қаракемер ауылының Төлеби көшесінің жолын орташа жөндеуге (қашықтығы 0,416 км), Керу аулындағы Соғанды 0,5 км, Атыхан 0,56 км, Жұмағұл 1 км көшелерін ағымды жөндеуге; Сортөбе ауылының Ленин көшесінің жаяужолын  ағымды жөндеуге (0,7 км), Бұлар батыр ауылының Карл Маркс көшесінің жаяужолын (0,7) ағымды жөндеуге; Еңбек ауылының  М.Бақтығұлов көшесінің жолын орташа жөндеуге (қашықтығы 0,376 км).

Облыстық бюджет есебінен орталық ауруханаға қаражат бөлініп, оның ішінде: Бетқайнар а. 20 келушіге (ауысыммен) арналған дәрігерлік амбулатория құрылысын салуға; Көгадыр а. 5 келушіге арналған (ауысыммен) медициналық пункт салуға, яғни оның ЖСҚ әзірлеуге.

Облыстық бюджет есебінен Қордай ауданындағы 320 көрерменге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын салуға.

Қоршаған ортаны қорғау нысандарын дамыту бойынша облыстық  бюджет есебінен:

– Қырғыз Республикасы Шу облысы Аламудун ауданы Лубяное ауылының жанындағы Шу өзенінің қазақстандық бөлігінде жағалауды нығайту жұмыстарына;

– «Отар ауылында қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны құрылысын салу» нысаны бойынша ЖСҚ әзірлеу және кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуге бюджет қаралды.

Республикалық және облыстық  бюджет есебінен «Қордай ауылына дейін 220 ӘЖ және Қордай ауылында «Қордай 220» ҚС-дан Жамбыл облысының Қордай ауданындағы қолданыстағы 110 кВ ҚС дейін 110 кВ ӘЖ салып «Қордай 220» ҚС салу» ЖБ-н қосымша қаржыландыруға ақша бөлінді.