Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің

2017 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы

ақпарат

 

Аудан тұрғындарына 68 мәдениет нысандары: 1 аудандық мәдениет үйі, 14 ауылдық мәдениет үйлері, 11 ауылдық клубтар, 41 кітапхана және аудандық өлкетану музейі қызмет көрсетіп келеді.

Мәдениет үйлер бойынша -Мәдениет үйлердің материалдық-техникалық базаларын нығайтуға аудан бюджетінен 30403,8 мың теңге бөлініп, 15099,6 мың теңгеге 11 мәдени ошақтарына бейнебақылау камералары, 5101,0 мың теңгеге аудандық мәдениет үйінің көрермен залына заманауи жарық орнатылды. 1499,6  мың теңгеге электрогенератор, 1003,8 мың теңгеге электр шөпшапқыштар, су моторлары, өрт сөндіргіштер, қазақ үй жабдықтары, 190,0 мың теңгеге Степной ауылдық мәдениет үйіне компьютер, 287,0 мың теңгеге жиһаздар, 987,0 мың теңгеге Степной және Масанчи мәдениет үйлеріне сахналық киімдер, 88,4 мың теңгеге маңдайшалар сатып алынды. Ауқатты және Степной ауылдық мәдениет үйлеріне 6147,4 мың теңгеге 820 жұмсақ орындықтар сатып алынды.

Сонымен қатар, 11105,0 мың теңгеге Қасық және Қайнар ауылдық мәдениет үйлерінің қазандықтары қатты отыннан табиғи газға ауыстырылды. 1008,0 мың теңгеге аудандық мәдениет үйінің сыртына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді, 1199,0 мың теңгеге кіре берісіне асфальт төселді.  Цемзауыт ауылдық мәдениет үйінің спорт залына 4872,0 мың теңгеге ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қасық ауылдық мәдениет үйінің шатырын ауыстырып, ғимаратына ағымды жөндеуге, ауласын абаттандырып, жарықтандыруға және ескерткішті басқа жерге орнатуға облыстық бюджеттен 75628,0 мың теңге бөлінді.       Мәдени-сауықтыру шараларды өткізу мақсатында ауыл жастарымен бірлесіп, олардың қатысуымен мәдениет ошақтарында үйірмелер ашылып жұмыстарын атқарып келеді: Клуб құрылым саны 76/764: Әуесқой клубы – 6/64, қолдаңбалы қолөнер үйірме саны – 4/36. Көркемөнерпаздар үйірмелері, ұжымдар саны – 66/664. Халықтық, үлгілі ұжым саны – 6/161: «Аққу» би ансамблі, «Соседушки»   фольклорлық  ансамблі,  «Чунтян» ән-би ансамблі,   «Махаббат»  би ансамблі, «Қордай» театры, «Жайна» би ансамблі. Ұжым, үйірмелер қатысушылары аудан, облыс көлемінде өтетін мәдени іс-шараларға атсалысып, айтулы күндерде, мерекелік концерттерде өнер көрсетіп келеді.

Аудан бюджетінен көпшілік мәдени іс-шараға 2475,3 мың теңге бөлінді, өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда  635,3 мың теңгеге артты. Аудандық мәдениет үйі мен ауылдық клуб мекемелерінде бекітілген жоспар  бойынша  және жоспардан тыс «Зерде» бейнемобиль автоклубымен бірге аудан бойынша 187 іс-шаралар өткізіліп, оған 24721 көрермен қамтылды. Ауданда өткен барлық мерекелерге концерттер қойылды. Сонымен қатар, аудан өнерпаздарымен Қасық, Степное, Жамбыл, Сарыбұлақ, Қайнар, Кенен, Отар, Ноғайбай, Шарбақты ауылдарында, аудан орталығынан шалғай орналасқан Керу, Соғанды, Көктөбе, Бел, Аңрахай ауылдарында концерттер ұйымдастырылды. 1 маусым балаларды қорғау күніне орай бейімдеу орталығында және Бел, Аңрахай ауылдарында театрландырылған көрініс қойылып, қонцерт ұйымдастырылды, балаларға тәттілер мен сыйлықтар таратылды. Әр аптаның сенбі күндері демалушыларға арнап орталық саябақта концерт және дискотека ұйымдастырылды.

Кітапхана бойынша Қордай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға  жергілікті бюджеттен   2899,0 мың теңге   бөлінді,  жиһаздар, елтаңба, ту, бейне камера алынды.

Кітап қорының жалпы саны 342229 дана, оның 180228 данасы мемлекеттік тілде. Өткен жылмен салыстырғанда 2592 кітапқа артты, мемлекеттік тілдегі басылымдар 4471 данаға көбейген. Оқырман саны 22527 адам, өткен жылмен салыстырғанда 3797 артық. Кітап берілімі 344574  құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 53964-ке артық. Мемлекеттік тілдегі кітап берілім  254574 болып, өткен  жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 47490 артқан.

Кітапханада  тек кітаппен қамтамасыз етіп қана қоймай, рухани танымын арттырып, оқырман мен кітапхана арасын байланыстыру жолында 1386 мәдени іс-шаралар өткізіп 31069 адам қамтылды, өткен жылмен салыстырғанда 133 іс-шараға және қамтылған  адам  4898 артқан.

Кітапхана жүйесі 46 астам атаулы журналдарға және газеттерге жазылған, оның ішінде: 21 газет, 25 журнал (37 республикалық, 7 облыстық, 2 аудандық). Олардың ішінде қазақ және орыс тілдерінде құқық, мәдениеттану, философия, психология, дін және т.б басылымдар бар.

Аудандық музей  бойынша Аудандық өлкетану музейінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында 1 775,7 мың теңге бөлінді. Оның ішінде оргтехника – 385,0 мың теңге, прожектор – 41,7 мың теңге, жиһаздар – 219,0 мың теңге, ұлттық костюмдер – 90,0 мың теңге, жәдігерлерге арналған сөрелер – 660,0 мың теңге, мемлекеттік ту – 109,0 мың теңге, манекендер – 60,0 мың теңге, өрт сөндіргіш – 11,0 мың теңге, жәдігерлер – 200,0 мың теңге. Сонымен қатар 1380,0 мың теңгеге музейдің айналасы қоршалды.

Музейде «Жануарлар мен өсімдіктер дүниесі», «Көне және орта ғасыр дәуірі», «Кеңес дәуірі тарихы», «Тәуелсіз Қазақстан Республикасы», «Мәдени-этнографиялық тұрмыс-салт бұйымдары», «Көрме залы» бар. Музей қоры 3571 жәдігерді құрайды немесе 72-ге өсті. Оның ішінде негізгі қор – 2611, қосымша қор – 960. Музейге келушілер 5336 адам немесе 1000 адамаға шаққанда 38 құрады. Оның ішінде ақылы – 3652,   тегін – 1684. Музей қызметкерлерімен 455 экскурсия өткізіліп, 96 көрме қойылды 347 лекция және әңгіме-сұхбат өтті. Аудандық «Қордай шамшырағы», «Вестник потребителя и предпринимателя» газеттерінде музей жұмысы туралы 8 мақала жарияланды. Өткен жылмен салыстырғанда 3 мақалаға артық.

2017-2018 жылғы қысқы жылыту маусымына мәдениет ошақтарына 613 тонна көмір алуға 8101,8 мың теңге бөлінді. Оның ішінде 15 мәдениет үйлерімен клубтарға – 560 тонна көмір алуға 7392,0 мың теңге,                             13 кітапханаларға 53 тонна көмір алуға 709,8 мың теңге. Газ жағу үшін                2017 жылы жалпы көлемі 197000 текше метр газға 5174,5 мың теңге бөлінген. Қысқы маусымға 19 мәдениет ошақтарына дайындық төлқұжаттары алынды.         32 от жағушыларды оқытуға аудан бюджетінен 208,0 мың теңге бөлініп, оқытылды.

Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру
жөніндегі 100 нақты қадам бағытында мәдениет және тілдері дамыту бөлімі жоспарлы жұмыс атқаруда: ауданымыздың туристик саласын дамыту мақсатында туристик маршруттың жобасы әзірленді. Ол «Кенен Әзірбаев» атындағы мемлекеттiк әдеби-мемориалдық музейiнен басталып, Қордай ауылындағы «Георгиевск» қалашығы, Қарасу ауылдық округіндегі «Өтеген батыр» кесенесі, Масанчи ауылдық округіндегі «Тоспалы жартас» жазулары, Қаракемер ауылдық округіндегі «Кенесары хан» мемориялы арқылы өтіп, Қарасай ауылындағы «Қарасай батыр» ескерткішімен аяқталады.

Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 Халықаралық  көрмесіне   орай әзірленген туристтік маршрутқа 3 нысан енгізілген. Ол «Өтеген батыр» кесенесі, «Кенесары хан» мемориялы және «Тоспалы жартас» жазулары. Туристердің аталған нысандар туралы ақпарат алу үшін жол бойына 3 тілде (қазақ, орыс және ағылшын) нұсқаулық-бағдарлар орналастырылды.

         Ономастика мәселесі Аудан бойынша елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша жұмыстар жүргізіліп,                68 көшеге қайта атау берілді.

Сонымен қатар, Қасық ауылы тұрғындарының бастамасымен Қасық ауылының атауын «Әлжан ана» деп қайта атау бойынша жұмыстар жүргізіліп, облыстық ономастика комиссиясының оң қорытындысын алды.

Жыл басынан бері ауылдық округі әкімдері жаңа үлгідегі аншлагтар жасатуға барлығы 11081,0 мың теңге қаржы қарастырды.  Бүгінгі күнге Степной, Қалғұты ауылдарындағы жаңадан атау берілген 16 көшеге 521, Жамбыл ауылындағы 8 көшеге 291 жаңа үлгідегі аншлагтар жасалып, ілінген. Кенен ауылындағы Кенен Әзірбаев көшесіндегі  48 үйге  жеке кәсіпкердің көмегімен жаңа үлгідегі аншлагтар жасалып, ілінген. Қалған ауылдар жаңа үлгідегі аншлагтар бойынша жұмыстар жүргізуде.

Тіл саясаты бойынша Бекітілген жоспар бойынша жыл басынан бері 5 байқаулар («Ой-сана», «Абай оқулары», «Текті сөздің төресі – терме», «Тілдарын», Тіл-парасат) өткізілді, аудандық байқаудан өткен жеңімпаздар облысқа жолдама алып, облыс деңгейінде номинацияға ілінген.

Елді мекендердің көркіне кері әсер ететін сауатсыз жазылған жарнама, көрнекі үгіт-насихат нысандарына зерделеу жұмыстары жүргізіліп,  «Сауатты ауыл» атты акциясы өткізілді. Аудан бойынша 91 шағын және орта бизнес өкілдеріне «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңының 21-бабының талаптарының сақталуы туралы хабарлама таратылып, анықталған кемшіліктер ретке келтірілді. Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы құрылған консультациялық көмек көрсететін «Жедел желіге»  20 рет тапсырыс түсіп, 180-ге жуық тегін аударма жұмыстары жүргізілді.

Облыс әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасы Жамбыл облысының Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының индикаторлары мен нысаналы көрсеткішке қол жеткізу мақсатында тілдік кеңістіктегі үштілділік тәжірибе мен тілдік орта қалыптастыру үшін үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын)  ауданда құрылған «Тілдік  алаң» клубы облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуовтың жыл басында бекіткен кестесіне сәйкес әр ай сайын әр түрлі тақырыпта сабақ өткізеді.