Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Бөлім басшысы

IMG-20160726-WA0005

Омаров Султан Байгазиевич 1973 жылдың 14 ақпанында Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қаракемер ауылында дүниеге келдім.

1980 жылы Қаракемер ауылының орта мектебіне 1-ші сыныпқа барып, 1990 жылы Республикалық физико-математика мектебін аяқтадым.

1990 жылы Алматы халық шаруашылық институтына түсіп, 1994 жылы Қазақ Мемлекеттік басқару академиясының қаржы-несие факультетін аяқтап, экономист мамандығын алдым.

Еңбек жолын 1995 жылы Отар көпсалалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорнының экономисті қызметінен бастап, 1995-1997 жылдары Қордай аудандық салық инспекциясында салық инспекторы, аудандық қаржы бөлімінде болжам бөлімінің бастығы қызметін атқардым.

1997 жылдан 2005 жыл аралығында Қордай аудандық прокуратуасының мемлекеттік органдарды қадағалау бөлімінің маманы қызметінде жұмыс істедім.

2000 жылы Қазақ Гуманитарлық Университетін заңгер мамандығымен бітірдім.

2008 жылдың қаңтар –қыркүйек айларында  Қордай аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының кеңесшісі, 2008-2012 жылдары Қордай аудандық Әділет басқармасының жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуші қызметін атқардым.

2013 жылдың қарашасынан 2014 жылдың желтоқсанына дейін Қордай ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі болып жұмыс істедім.

2014 жылдың желтоқсанынан бастап Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарып келемін.

Үйленгенмін, 4 қыз 2 ұл тәрбиелеудемін.