Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Ереже

Қордай ауданы әкімдігінің

2013жылғы 05 шілдедегі

№540 қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

«Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

1.Жалпы ережелер

 

  1. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын –үй  коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі- жергілікті бюджеттен қаржыландыратын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары аясындағы мемлекеттің саясатын және мемлекеттік басқару саласында (салаларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын –үй  коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік  мекемесінің құрылтайшысы Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімдігі болып табылады.
  3. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын –үй  коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті  мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережелерге сәйкес жүзеге асырады.

4.«Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын –үй  коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік  мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5.«Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын –үй  коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық- құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6.«Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын –үй  коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың қарсы болуға құқығы бар.

7.«Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын –үй  коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің басшысы өз құзыретінің заңнамасында көзделген актілермен рәсімделетін бұйрықтар қабылдайды.

8.«Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын –үй  коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрлымы мен штат санының лимиті қатынастағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

Заңды тұлғаның мекен-жайы: индексі: 080400, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы Қордай ауылы, Төле би көшесі, 49 үй.

10.Мемлекеттік органның толық атауы – «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын –үй  коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

11.Осы Ереже  «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын –үй  коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12.«Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын –үй  коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13.«Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын –үй  коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен  «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын –үй  коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар  көлігі және автомобиль  жолдары бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер жететін қызметті жүзеге асыру құкығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2.Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

1.«Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

-Жергілікті мемлекеттік уйымдардың және кәсіпорындардың ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында қызметтік үйлестіру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының қатынасын мемлекеттік реттеуге қатысуы жауапты болып табылады.

  1. Міндеттері:

-басқару органдарында Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулыларын және жоғары тұрған мемлекеттік органдардың басқа актілерінің, облыс әкімінің және әкімдігінің актілерінің, кәсіпорындарында, ұйымдарда және мекемелерде, тәуелсіз меншік түрлерінің және ведомстволық бағыныштағы, бөлімінің құзіретіне енетін мәселелері бойынша орындалуының бақылауын жүзеге асыруды;

– аудан аумақтарында орналасқан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарын, көлік және жол ұйымдарының, олардың материалдық-техникалық базаларын жаңартудың және нығайту мәселелері мен ұйымдардың және кәсіпорындардың қуаттылығын тиімді пайдалану қызметтеріне талдауын жүзеге асыру;

– ауылдық округтер әкімдерінің, басқа мемлекеттік органдардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселелері бойынша қызметтерін үйлестіру және бақылау жасау;

– автомобиль жолдары бойынша мемлекеттік бағдарламасын және жол ұйымдарына көмектесу бойынша, сол саладағы қызметшілердің жұмыстарының аудандық деңгейінде орындалуы.

  1. Функциялары:

-Қазақстан Республикасының Президентінің, Қазақстан Республикасы актілерін, Қазақстан Республикасының Президентінің  Әкімшілігінің тапсырмаларын, облыс әкімінің және әкімдігінің актілерінің, тұрғын уй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселелері бойынша орындалуын бақылау қамтамасыз ету;

– аудан әкімі аппаратымен, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен, облыс әкімдігінің энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасымен, аудан әкімдігінің барлық бөлімдермен және аудандық ведомстволары мәселелері бойынша, бөлімінің құзыретіне енетін ұйымдық және ақпараттық байланысын қамтамасыз ету;

-әкімдіктің отырыстарында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының мәселелері бойынша материалдарды дайындауға қатысу.

– тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомабиль жолдары кәсіпорындарының қызметтері саласында  орындалатын жұмыстардың сапасын  жаңартуға бағытталған облыстық және аудандық ғылыми – практикалық іс-шаралардың өткізулеріне және дауындауына қатысу;

– аудандық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық , жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары қызметтерінде прогрессивтік  түрлерінің жұмыстарын жарықтандыру;

– Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған өзге функцияларды жүзеге асыру;

  1. Құқықтары мен міндеттері:

-мемлекеттік органдардың қызметкерлерін және басқа ұйымдарды тарту бөлімінің құзіретіне енетін мәселелерді дайындауды ауылдық округ әкімдерінен, басқа мемлекеттік органдардың және лауазымды қызметкерлерінің, мемлекеттік емес кәсіпорындардың және ұйымдардың ақпаратты қажетті өз функциясын орындалуына арналған анықталған ретінде сұрау;

– ауданның әкіміне, ауылдық округ әкімдерінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы кәсіпорындардың және ұйымдардың қызметін ұйымдастыру және толық жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

– атқарушы органдармен өткізілетін іс-шараларға қатысу;

-ауылдық округ әкімдерінің, бюджеттік кәсіпорындардың және ұйымдардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселелері бойынша қызметін үйлестіру, бөлімнің құзіретіне енетін мәселелері бойынша олардың қызметіне басшылықты және бақылауды жүргізу;

– аудандық бағдарламаларды арттыру бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын қаржыландыруына бақылауды жүзеге асыру;

3.Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

  1. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылыр көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты бірінші басшы, яғни бөлім басшысы жүзеге асырады:
  2. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметқе тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес құзіреті шеңберінде белгіленеді.

«Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде теттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. Бірінші басшы өз қызметкерлерінің өкілеттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
  2. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылыр көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, бөлім басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

4.Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алған) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

25.Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.
  2. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және оның ведомостваларынының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

– Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Қордай су» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

– «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық жөніндегі кәсіпорыны» шаруашылық жүргізі құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны.