Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Кезектен тыс елу бірінші сессия Қордай ауылы № 51 – 4 2016 жылғы 17 акпан

 Кезектен тыс елу бірінші сессия

 Қордай ауылы                                     № 51 – 4                     2016 жылғы 17 акпан

 

Қордай ауданы бойынша жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша  реттеу туралы

    «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына  сәйкес Қордай аудандық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қордай ауданы бойынша жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымшаға реттеу қосымшаға сәйкес реттелсін.
  2. 2015 жылғы 31 наурыздағы «Қордай ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» Қордай аудандық маслихатының (нормативтік құықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2609 тіркелген, 2015 жылғы 22 сәуірдегі №59-60 (2197-2198) аудандық қоғамдық-саяси «Қордай шамшырағы»-«Кордайский маяк» газетінде жарияланған) №39-6 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық маслихаттың әлеуметтік қоғамдық дамуы, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктері, қоғамдық құқық тәртібін қамтамасыз ету, экология, табиғатты пайдалану, әкімшілік – аумақтық құрылым, жер учаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау, өнеркәсіп салаларын, энергетиканы, құрылысты, ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

   Аудандық маслихат                                                               Аудандық

сессиясының төрайымы                                              мәслихаттың хатшысы

Қ.Қыпшақбаева                                                                Б.Әлімбет

 

  Қордай аудандық мәслихатының

2016 жылғы 17 ақпандағы

№ 51-4 шешіміне қосымша

 

Қордай ауданы бойынша жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін косымша реттеу

 Жиналыс, митингі, шеру, пикет, мен демонстрация өткізу жөнінде өтініш жергілікті атқарушы органға беріледі.

  1. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініштерді еңбек ұжымдарының, қоғамдық бірлестіктердің немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекеленген топтарының он сегіз жасқа толған уәкілдері береді.
  2. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініш оны өткізудің белгіленген датасынан кемінде он күн бұрын жазбаша нысанда беріледі. Өтініште шараны өткізу мақсаты, нысаны, өткізілетін жері немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкілдердің (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртіптің сақталуына жауапты адамдардың тегі, аты, әкесінің аты, олардың тұратын және жұмыс істейтін (оқитын) жері, өтініштің берілген датасы көрсетіледі. Өтініштің берілген мерзімі оның жергілікті атқарушы органда тіркелген күннен бастап есептеледі.
  3. Жергілікті атқарушы орган өтінішті қарайды және өтініште көрсетілген шараның өткізілетін уақытынан кемінде бес күн бұрын уәкілдерге (ұйымдастырушыларға) қабылданған шешім туралы хабарлайды.
  4. Жиналыс, митингі, шеру, пикет, немесе демонстрация өткізу туралы өтініш берген кезде, осы қосымша тәртібінің 3 тармағындағы талаптар сақталмаған жағдайда, жергілікті атқарушы орган жаңадан өтініш беру жолымен жіберілген кемшіліктерді жоюды ұсынған ресми жауап беріді. Өтініш қаралған болып есептелінеді. Жаңа өтінішті қарау мерзімі  түскен күнінен бастап есептеледі.
  5. Жергілікті атқарушы орган басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ көліктің, өзге де инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс істеуін, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда, өтініш жасағандарға шараны өткізудің өзге уақыты мен жерін ұсынады.
  6. Жиналыс және митингі өткізу орны болып келесі орын белгіленсін:

Қордай ауылы Орталық алаңы және Қордай ауылы Центральный көшесі, Мәдениет үйі алдындағы алан.

  1.    Шеру мен демонстрация өткізу арнайы орынды  болып  келесі маршруттар белгіленсін:

Домалақ ана көшесінен бастап Бәйдібек көшесіне дейінгі Төле би көшесі.

  1. Жиналыс, митингі, шеру, пикет немесе демонстрацияға  қатысушылардың сөз сөйлеуі өтініште көрсетілген мақсатқа  сәйкес, белгіленген мерзімде және келісілген жерде өткізіледі.

10.Жиналыс, митингі, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу кезінде уәкілдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртіпті сақтауға міндетті.

  1. Шараларды ұйымдастырушылармен оларға қатысушылардың:

1) көліктің және жаяу жүргіншілердің қозғалысына бөгет жасауға;

2) елді мекеннің инфрақұрылым объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуіне кедергі келтіруіне;

3) жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз киіз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;

4)  жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтіруіне;

5)  өзімен бірге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қарсы азаматтарға және заңды тұлғалардың меншігіне материалдық залал келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін арнайы жасалған немесе бейімделген заттарды алып жүруіне;

6) шараны өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуші мемлекеттік органдар өкілдерінің қызметіне кез келген нысанда араласуына.

12.Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу орындарда спирттік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды және оларға ұқсас заттарды, прекурсорларды, матаға немесе қағазға жазылған ұрандарды, кермелерді, басқа да материалдарды (көзбе, аудио/бейне); сонымен қатар қоғамдық тәртіп бұзушылыққа, қылмыс жасау мен кім болса да оған тіл тигізіп қорлауға тыйым салынады.

  1. Пикет өткізу кезінде:
  • нысан алдында отыруға, тұруға;
  • көрнекі үгіт-насихат құралдарын пайдалануға;
  • пикет тақырыбына сай қысқа ұрандар, слогандарды айқайлап айтуға рұқсат етіледі.

14.Пикетті басқа формада немесе митинг, жиын түрінде қайта өткізуді жалғастыратын болса, белгіленген тәртіпке сәйкес жергілікті атқарушы органнан рұқсат алуы тиыс.

  1. Ұйымдастырушыларға бас тарту кезінде жасбаша түрде потенциалды қатысушыларға барлық дайындықты болдырмау және аталған жағдайды тиісті деңгейде хабарлау шараларын қамтамасыз ету түсіндірілуі қажет.
  2. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация ұйымдастыруға рұқсат беруден бас тарту жағдайда немесе оны өткізуге тыйым салынғаны туралы шешім қабылданса, ұйымдастырушылар (өкілдер) барлық дайындық іс-шараларын болдырмау жөнінде және потенциалды қатысушыларды тиісінше хабарландыруға міндетті.
  3.   Егер жиналысты, митингіні, шеруді, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткізудің мақсаты нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік араздықты, діни төзімсіздікті, тектік астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық қүрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституцияның, заңдары мен өзге де нормативтік актілерінің басқа қағидаларын бұзу болса, немесе оларды өткізу қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін болса, жергілікті атқарушы орган бұларды өткізуге тыйым салады.
  4. Бұқаралық шараларды темір жол су және әуе көлігінің объектілерінде, сондай-ақ мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдардың (қоғамдық көлік, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерімен жабдықтау) жанында, денсаулық сақтау мен білім беру мекемелерінің жанында өткізуге жол берілмейді.
  5. Егер: өтініш берілмеген болса, тыйым салу туралы шешім шығарылса, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін, қоғамдық тәртіп бұзылатын, жағдайда жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар жергілікті атқарушы орган өкілінің талап етуі бойынша сөзсіз тоқтатылуға тиіс.
  6. Жергілікті атқарушы орган өкілінің талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша ішкі істер органдары жиналысты, митингіні, шеруді, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату жөнінде қажетті шаралар қолданады.

21.Жиналыс, митингі, шеру, пикет және демонстрацияны ұйымдастыру мен өткізудің белгіленген тәртібін бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді.

  1. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткізу кезінде оларға қатысушылардың азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге, мемлекетке келтірген материалдық залалы үшін заңда белгіленген тәртіп бойынша өтем жасалуға тиіс.
  2. Жиналыс, митинг, шеру, пикет, демонстрация өткізілетін жерде қоғамдық тәртіпті сақтау, үй-жайлар беру, санитарлық тазарту, жарық беру және радиоландыру жөніндегі туындаған барлық қосымша шығындарды оларды ұйымдастырушылар өтейді.