Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес Қақпатас ауылдық округінің әкімі С.Естаевтың халық алдындағы есебінен ТЕЗИСТЕР

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190  Жарлығына сәйкес Қақпатас ауылдық округінің әкімі С.Естаевтың халық алдындағы  есебінен ТЕЗИСТЕР

Қақпатас ауылдық округінің жер көлемі 3826 га аумақты құрайды.

Қақпатас ауылдық округі бойынша халық саны 3648 адамды құрайды, оның ішінде: 1976 адам Қақпатас ауылында, 1672 адам Беріктас ауылында тұрады. Ауылдық округте 535 түтін бар, оның ішінде: 298 түтін Қақпатас ауылында, 237 түтін Беріктас ауылында тіркелген. Тіркелген кәсіпкерлер саны – 22, шаруа қожалықтар – 140, ЖШС – 1.  Экономикалық белсенді тұрғындар саны – 2127, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны – 2083, жұмыссыздар – 44, зейнеткерлер саны – 342, мүгедектер – 91.

Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер

Жеке тұлғалардан түскен ауызша және жазбаша өтініштер – 174, оның ішінде: ауызша – 51, жазбаша – 123. 115 – қанағаттандырылғаны, 58-іне түсініктеме берілді, 1-еуінен бас тартылды (жер учаскесі бойынша). Заңды тұлғалардан өтініштер болған жоқ. Жыл бойы ауыл тұрғындарымен 36 жалпы жиын өткізілді.

2016 жылы бюджетке түсетін салықтар мен түсімдер бойынша

2016 жылы ауылдық округ бойынша заңды тұлғалардан көлік салығының жоспары–25 000 теңге, орындалғаны–25 000 теңгеге немесе 100%, жеке тұлғалардан көлік салығының жоспары–1800,0 мың теңге, орындалғаны–1972,0 мың теңгеге немесе 110%, жер салығының жоспары–295 000 теңге, орындалғаны – 297 000 теңгеге немесе 101%, елді мекен жерлеріне  жеке  тұлғалардан алынатын жер салығын қоспағанда жер салығының жоспары–6 000 теңге, орындалғаны – 5600 теңге немесе 93%, мүлік салығының жоспары – 137 000 теңге, орындалғаны – 137 000 теңгеге, яғни 100% орындалды, жеке табыс салығының жоспары – 500 000 теңге, 595 000 теңгеге немесе 116% орындалды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы  бойынша:

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Қақпатас ауылының Қ.Серікбай көшесі және Д.Қонаев көшесінен С.Мейірман көшесінің бұрылысына дейін жарықтандыруына 3153,0 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстары жүргізілді, қаржы толық игерілді.

Қақпатас ауылының Д.Молдажан көшесі мен Д.Қонаев көшесінен С.Мейірман көшесіне дейінгі бұрылысына 12,0 млн. теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Беріктас ауылына кіреберіс 7 км автожолға 19 126,0 мың теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, Беріктас ауылына кіреберіс 1 км автожолға 18 632,0 мың теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жергілікті өзін-өзі басқару шотындағы қаражатты мақсатты пайдалану бағытында жергілікті қауымдастықпен бірлесе жұмыс атқарылуда. Жергілікті өзін-өзі басқару шоты бойынша  2016 жылы 4 901,0 мың теңге қаражат түрлі мақсаттарға жұмсалған, оның ішінде:

– 1 700,0 мың теңге Қақпатас ауылындағы мектепке апаратын тротуарға;

– 1 175,0 мың теңге Қақпатас және Беріктас ауылдары көшелерінің жарықтандыру қызметіне;

– 657 000  теңге жобалық-сметалық құжаттар дайындауға;

– 702 000 теңге оқушыларды тасымалдауға (Беріктас-Қақпатас-Сарыбұлақ);

– 174 000 теңге құрал-саймандар, әк, бояу сатып алуға;

– 80 000 теңге күл-қоқыс орындарының дератизациясына;

– 179 000 теңге күл-қоқыс шығаруға;

– 230 000 теңге күл-қоқыс орындарын тазалауға;

– 150 000 теңге суармалы суға қаражат кетті.

Абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша

Аудандық бюджеттен елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға 813 000 теңге қаражат бөлініп, жұмыстар жүргізілді. Көктемгі және күзгі екі айлықтардағы сенбіліктерге 800 адам қатысты. Барлығы 400 ағаш бұталып, 1050 ағаш әктелді, 156 түп ағаш көшеттері отырғызылып, күтімге алынды. Ауыл көшелері, аулалар, барлығы 200 мың шаршы метр жер тазаланып, жалпы ұзындығы 8 км арық тазаланды. Ауылдық округтегі мекеме, ұйымдарда ағаш, гүл көшеттері егіліп, көгалдандырылды, 3 заңсыз төгілген қоқыс орындары тазаланды, барлығы 30 тонна қоқыс шығарылды. 2 қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын орын тазаланды.

Көшелерді жарықтандыру

Көшелерді жарықтандыру бойынша техникалық қызмет көрсету және электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін аудандық бюджеттен 1 175,0 мың теңге қаражат бөлініп, толық игерілді.

Ауыз су

Су құбыры «Қордай-су» КМК-ның теңгерімінде. Бүгінгі күнге екі ауылдың тұрғындары ауыз сумен қамтылған. Беріктас ауылында ауыз су күніне 6 сағат берілсе, Қақпатас ауылында 24 сағат беріледі.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл  тұрғындарының негізгі табыс көзі – мал шаруашылығы. Бүгінгі күнде ауылдық округ бойынша жеке меншіктегі мал саны: ірі қара мал – 818, оның ішінде сиыр – 429, жылқы –  180,оның ішінде бие – 84, қой – 12978, оның ішінде саулық қой – 6505, ешкі –1410, оның ішінде ешкілер – 311, үй құстары – 4000.

Округте 1 «Қақпатас-Қордай» ЖШС және 140 ШҚ бар, олар егінмен және мал шаруашылығымен айналысады. Барлық жерлері – 46939 га, егістігі – 12248 га, суармалысы – 3206 га, жайылым жерлер – 33471 га. ШҚ-ның егілген егістері: 820 га күздік бидай, 921 га жерге арпа, көкініс – 110 га, жүгері – 132 га, жоңышқа – 1291 га, бақша – 70 га, сафлор – 350 га. Биылғы жылы 35 га қант қызылшасы егіліп, гектарына орташа 500 ц өнім алынды, 1700 тонна Меркі қант зауытына өткізілді.

Мал шаруашылығымен айналысатын 16 шаруа қожалығында ірі қара мал саны – 591, оның ішінде сиыр – 290, жылқы – 333, оның ішінде бие – 180, қой – 13890, оның ішінде саулық қой – 8050, ешкі – 104 және «Қақпатас-Қордай» ЖШС-де 1618 ірі қара малы бар. Барлық шаруа қожалық егін егіп, мал азығын дайындаумен айналысады.

Астана, Алматы, Тараз қалаларында және Қордай ауданы бойынша өткізілген ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелеріне шаруашылықтар белсенді қатысты.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының бағыттары бойынша Қақпатас ауылдық округінде жыл басынан бері нақты тартылған инвестициялар:

450 600,0 мың теңгеге «Қақпатас-Қордай» ЖШС тауарлы сүтфермасы кеңейтіліп, жаңартылып, жаңғыртылды және 100 га жерге құны – 30,0 млн. теңгеге тамшылап суғару технологиясы енгізілді.

«Қарасай» ШҚ  21,0 млн. теңгеге егін оратын 1 дана комбайн сатып алды.

Қақпатас ауылдық округінде газдандыру жұмыстары жалғасуда. Қақпатас ауылында 298 үйдің бүгінгі күнге 172-сіне табиғи газ кіргізілді. Беріктас ауылында 237 үйдің  93-іне газ кіргізілді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік көмектер

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының І бағыты бойынша «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 2 адам жұмыс істеді.

Округтегі 2 елді мекенде 2016 жылы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 15 жұмыссыз азамат ақылы қоғамдық жұмысқа  тартылды, оның ішінде 1 адам ІІІ топтағы мүгедек.

1 адам 5,0 млн. теңге шағын несие алып, кәсіпкерлікпен айналысуда.

18 жасқа дейінгі балалары бар 88 отбасына  5 197,0 мың теңге жәрдемақы,1 отбасына 67 300 теңге атаулы әлеуметтік көмек, 4 отбасына 394 500 теңге бір жолғы әлеуметтік көмек берілді.

«Өрлеу» пилоттық бағдарламасы бойынша 4 отбасы 477 800 теңге алды, 2 адам даярлау курстарында оқып,  жұмысқа орналасты.

Аз қамтылған 71 отбасына 2 129, 8 мың теңге берілді. Денсаулығы нашар үйде арнаулы қызмет алушы балалар саны – 8, отбасыларына 88 000 теңге көмек көрсетілді. Жүре алмайтын 1 мүгедек балаға мүгедектерге арналған орындық-арба берілді.

22 Наурыз – Ұлыстың ұлы күні мерекесі 40 жасқа келген азаматтардың демеушілігімен 250000 теңге қаражатқа ұйымдастырылып, өткізілді.

9 Мамыр – Ұлы Отан соғысының 71 жылдығында 13 тыл ардагері марапатталып, 25 000 теңгеге сыйлықтар берілді және мешітте 200 адамға 140 000 теңгеге қайырымдылық ас берілді. ШҚ басшылары ат жарысын ұйымдастырып, жүлделі орындарға 12 қой берілді.

Жаңа жыл мерекесі 1973 жылы туған азаматтардың демеушілігімен  ұйымдастырылып, 200 000 теңгеге өткізілді. Аз қамтылған отбасылардың балаларына, қамқоршылықтағы балаларға және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналып сыйлықтар берілді.

Білім саласы бойынша

Қақпатас ауылдық №30 орта мектепте барлық оқушылар саны – 375 бала, шағын орталығында – 55 бала. Ыстық тамақпен қамтылғандар – 192 бала. Мұғалімдер саны – 32, техникалық қызметкерлер – 48. Түсірілген көмір – 260 тонна, былтырдан қалғаны – 32 тонна.

Беріктас ауылында №28 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте оқушылар саны – 294 бала. Ыстық тамақпен қамтылғандар – 118 бала. Мұғалімдер саны – 33, техникалық қызметкерлер – 19.

Беріктас ауылындағы мектептің ағымды жөндеу жұмыстарына 193 884 теңге бөлініп, толығымен жұмсалды. 130 тонна көмір түсірілді, былтырғыдан қалғаны 12 тонна.

«Айсауле» балалар бақшасында 3 топта 75 бала тәрбиеленеді. Жұмыс істейтіндер – 15 адам (тәрбиешілер), 11 адам – тех.персонал. «Айсауле» бала бақшасының ағымдағы жөндеу жұмыстарына бюджеттен бөлінген 120 000 теңгетолығымен жұмсалды.

«Мектепке жол» акциясы

Округ бойынша аз қамтылған  және көпбалалы отбасылардағы тұрмысы төмен  отбасыларынан 12 балаға 130 000 теңге көмек берілді.

Білім қорынан 30 балаға 450 000 теңге берілді.

Денсаулық сақтау саласы бойынша

Ауылдық округ бойынша  Қақпатас ауылында ФАП және Беріктас ауылында ФАП қызмет көрсетуде, Қақпатас ауылының тұрғындарына  Сарыбұлақ ауылының жедел жәрдем  қызметкерлері, Беріктас ауылы тұрғындарына Бетқайнар ауылының жедел жәрдем қызметкерлері қызмет көрсетеді. Жыл бойы 82 нәресте дүниеге келді.

Жастарға саламатты өмір салтын насихаттау

Ауылдық округ бойынша 14-29 жас аралығындағы жастар саны – 900. Округте жастар мен жасөспірімдерді спортқа баулу және бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру мақсатында жасөспірімдер спорттық үйірмелерінде және өнер үйірмелерінде 380-ға жуық бала қамтылған. Облыстық және аудандық жарыстарда мектеп оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Ауылдық округте өткізілген барлық мерекелік іс-шараларда спорттық ойындардың түрлерінен жарыстар өткізілді.

Округ бойынша әскери міндеттілер саны – 418, әскери шақырылушылар саны – 183, әскерге шақыру жұмыстарын атқару  барысында  68  бала тексеру комиссиясына шақырылып, оның ішінен 22 бала әскер қатарына жіберілді.