Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес Сарыбұлақ ауылдық округінің әкімі Р.Варшакидзенің халық алдындағы есебінен ТЕЗИСТЕР

Қазақстан Республикасы Президентінің  2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес  Сарыбұлақ ауылдық округінің әкімі Р.Варшакидзенің халық алдындағы есебінен ТЕЗИСТЕР

Сарыбұлақ ауылдық округі бойынша халық саны 7508 адамды құрайды, оның ішінде, 4241 адам – Сарыбұлақ ауылында, 3267 адам Қайнар  ауылында тұрады. Тіркелген шаруа қожалықтар саны – 158. Экономикалық белсенді тұрғындар саны – 3370. Зейнеткерлер саны – 641.

Ауылдық округ аумағында 36 дүкен, 21 дәмхана, 2 наубайхана, 2 дәріхана, 1 малдәрігерлік дәріхана, 2 жанар-жағар май стансасы жұмыс істейді және 2 техника жөндеу орталығы бар.

2016 жылы бюджетке түсетін салықтар мен түсімдер бойынша

2016 жылы ауылдық округте жер салығының жоспары – 385,0 мың теңге, орындалғаны – 413,9 мың  теңге  немесе 107%, мүлік салығының жоспары  264,0 мың теңге, түскені 270,0 мың теңге немесе 102%, жеке табыс салығының жоспары 2217,0 мың теңге, түскені 3813,9 мың теңге немесе 172%, жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салығының жоспары 4610,0 мың теңге, түскені 4495,6 мың теңге немесе 97%, заңды тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салығының жоспары 133,0 мың теңге, түскені 132,4 мың теңге немесе 99%, елді мекендердің жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын жер салығын қоспағанда жоспары 159,0 мың теңге, түскені 227,3 мың теңге немесе 142%.

Жергілікті өзін-өзі басқару шотындағы қаражаттарды мақсатты пайдалану бағытында жергілікті қауымдастық мүшелерімен бірлесе жұмыс атқарылуда. Жергілікті өзін-өзі басқару шоты бойынша 2016 жылы 6 672,7 мың теңге қаражат түрлі мақсаттарға жұмсалған. Оның ішінде:

– 847,8 мың теңге елді мекендерді абаттандыруға;

– 569,0 мың теңге көшелерді  жарықтандыру қызметіне;

– 80,0 мың теңге елді мекеннің қоқыс төгетін орнын дератизациялауға;

– 135,0 мың теңге мемлекеттік рәміздерді сатып алуға;

– 150,0 мың теңге мерекелік іс-шараларға;

– 64,0 мың теңге көшеттер  сатып алуға;

– 237,0 мың теңге  жобалақ-сметалық құжат дайындауға;

– 582,6 мың теңге Қайнар ауылы  әкімшілік ғимаратының ағымдағы жөндеуіне;

– 697,0 мың теңге Сарыбұлақ ауылындағы Өтеген батыр көшесінің ағымды жөндеуіне;

– 1649,3 мың теңге Сарыбұлақ және Қайнар ауылдарындағы мәдениет үйлеріне сахналық шымылдық сатып алуға;

– 1661,0 мың теңге Сарыбұлақ және Қайнар ауылының мәдениет үйіне, №31 және №32 орта мектептерге музыкалық құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсалды.

Абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау

Жергілікті өзін-өзі басқару шотындағы қаражаттардан  847,8 мың теңге қаражат бөлініп, жұмыстар жүргізілді. Көктемгі және күзгі екі айлықтардағы сенбіліктерге 1026 адам қатысты. Барлығы 1784 ағаш бұтақтары кесіліп, 600 ағаш әктелді. Ауыл көшелері, аулалар,  саябақтар тазаланып, жалпы ұзындығы 45 мың шаршы метр жол бойы тазаланды. 170 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 3 га жерге терек көшеттері отырғызылды. Орталық алаңдағы ескерткіштер сырланып, төңірегі көгалдандырылды.

«Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша

2016 жылы Қайнар ауылындағы Абай көшесінің жарықтандыру жүйесін жөндеу жұмыстарына 5 690 000 теңге және Сарыбұлақ ауылындағы Өтеген батыр көшесінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 697 000 теңге қаражат жұмсалды.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл экономикасының негізгі бағыты ауыл шаруашылығы болғандықтан ауыл әкімдігі аграрлық сектордың дамуына көп көңіл бөліп отырады. Ауыл тұрғындарының негізгі табыс көзі егін шаруашылығы. Округ бойынша 148 шаруа қожалығы бар. Кәсіпкерлік қызметтерді дамыту бойынша шаруа қожалық жетекшілерімен түрлі мәселер бойынша жиындар өткізіліп, түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Округте 2 ЖШС («Благовещенка», «Сарыбұлақ»), 155 ШҚ бар, олар негізінен мал және егін шаруашылығымен айналысады.

Сарыбұлақ ауылдық округі бойынша барлық жер көлемі – 14612 га, егістігі – 9937 га, суармалысы – 4168 га, богара – 116 га. ШҚ-лардың 2016 жылы еккен егіндері: 270 га – күздік бидай, 250 га – арпа, көкініс – 350 га, жүгері – 120 га, жоңышқа – 3277 га, бау-бақша – 150 га, сафлор – 470 га, биылғы жылы қант қызылшасы 200 га алқапқа егілді. Толық жиналып, Меркі қант зауытына өткізілді.

Инвестиция тарту

Округ бойынша 2016 жылы «Самғау» шаруа қожалығының басшысы Е.Трубников 91 га егістік жерлеріне тамшылап суғару техникасын сатып алып, орнатты,  құны – 114 956 013 теңге.

«Жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша

Сарыбұлақ ауылының орталық көшесіне 12 000,0 мың теңгеге жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сарыбұлақ ауылының «Темірлан» балабақшасы қүрделі жөндеуден өтіп, 20 азамат жұмыспен қамтылды. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша ауылдық әкімі аппаратында 3 азамат жұмыспен қамтылды.

Бағдарламаның екінші бағыты – кәсіпкерлікті дамыту бойынша ағымдағы жылы 2 азамат мал шаруашылығына 6 млн. теңге шағын несие алды. Үшінші бағыты бойынша 1 азамат екі айлық автоэлектрик маманы бойынша оқыды.

Округ бойынша 116 отбасы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алды, сомасы – 7537,6 мың теңге, туберкулез ауруымен ауыратын 2 азаматқа 165,4 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.

Округтегі 2 елді мекенге 2016 жылы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы ақылы қоғамдық жұмыстарда 7 эколог, 1 әлеуметтік қызметкер жұмыс істеді.

 «Мектепке жол» акциясы 

Сарыбұлақ ауылдық округі бойынша аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың 39 оқушысына мектеп формасын және мектеп құралдарын сатып алуға 470 000 теңгеге көмек көрсетілді. Осы акцияға «ПМК-48» ЖШС, «Кубера-СК» ЖШС, сонымен қатар, мектеп ұжымы, ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты.

«Өрлеу» пилоттық  жобасы бойынша 18 отбасыға 1 620,0 мың теңгеге жәрдемақы тағайындалды.

Денсаулық сақтау саласы бойынша

Сарыбұлақ ауылдық округінде 2 дәрігерлік амбулатория бар. Бұл мекемелерде 41 медицина қызметкерлері жұмыс атқарады. Амбулаторияда 2016 жылы күндізгі стационарда 215 ересек адам,194 бала емделді. 2016 жылы  144 бала дүниеге келді.

Жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттау

Ауылдық округтегі 14-29 жас аралығындағы жастар саны – 2102.

Округте жастар мен жасөспірімдерді спортқа баулу және бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру мақсатында №31 орта мектебінде биылғы жылы қол күресі, бокс, еркін күрес, қазақша күрес, өнер, киім тігу үйірмелерінде 86 бала қамтылған.

Барлық әскери міндеттілердің саны – 580 адам, оның ішінде офицерлер – 12, әйел азаматтар – жоқ, барлық әскер қатарына шақырушылар – 192 адам.                     9 шақырылушы әскер қатарына алынды.

Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер

2016 жылы жеке және заңды тұлғалардан барлығы 214 өтініш түсті, оның ішінде: жеке тұлғалар – 210 азамат, заңды тұлғалардан – 4, оның ішінде ауызша өтініштер – 13, жазбаша өтініштер – 197, қанағаттандырылғаны – 185, түсініктеме берілгені – 25.

Жыл  басынан ауыл тұрғындарымен 8 жиын өткізілді.