Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес Жамбыл ауылдық округінің әкімі Д. Темірдің халық алдындағы есебінен ТЕЗИСТЕР

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы  5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес Жамбыл

ауылдық округінің әкімі Д. Темірдің халық алдындағы есебінен  ТЕЗИСТЕР

Жамбыл ауылдық округінің аумағы 3201,7 га құрайды.

Жамбыл ауылдық округі бойынша халық саны 6537 адамды құрайды, оның ішінде 4874  адам Жамбыл ауылында, 1663 адам Жаңатұрмыс ауылында тұрады. Тіркелген кәсіпкерлер саны–34, жұмыс атқарып жатқан шаруа қожалықтар–87. Экономикалық белсенді тұрғындар саны–3173, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны – 2875, жұмыссыздар – 298, зейнеткерлер саны – 653.

2016 жылы бюджетке түсетін салықтар мен түсімдер бойынша.

2016 жылы жер салығының жоспары 398,0 мың теңге, орындалғаны 463,7 мың теңге немесе 116,5%, мүлік салығының жоспары 130,0 мың теңге, орындалғаны 114,3 мың яғни 87,9%, жеке табыс салығының жоспары 1 081,0 мың теңге, орындалғаны 1432,5 мың теңге немесе 132,5%; жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салығының жоспары 2940,0 мың теңге,  орындалғаны 3 039,2 теңге яғни 103,4%, елді мекендердің жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын жер салығын қоспағанда жоспары 27 000 теңге,  орындалғаны 31 384 теңгеге яғни 116,2%, заңды тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салығының жоспары 280,0 мың теңге,  орындалғаны 371,0 мың теңге немесе  132,5 пайыз.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы  бойынша.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Жаңатұрмыс ауылының Абай көшесіне жарықтандыру жүргізу үшін Республикалық бюджеттен 6729,7 мың теңге бөлініп, Абай көшесі және Абай көшесіне қиылысқан көлденең көшеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілді, қаржы толық игерілді.

 

Жергілікті өзін-өзі басқару шотындағы қаражатты мақсатында пайдалану бағытында қоғамдастық кеңеспен бірлесе жұмыс атқарылуда. Жергілікті өзін-өзі басқару шоты бойынша 2016 жылы 5 594,7 мың теңге қаражат түрлі мақсаттарға жұмсалған. Оның ішінде:

–  Жамбыл ауылы Ленин көшесіне жарықтандыру жүргізу – 3088,0 мың теңге;

– Жамбыл ауылының электр трансформаторын жөндеуге – 280,0 мың теңге;

– Аншлагтар дайындау – 74,4 мың теңге;

– Жаңатұрмыс ауылына суағар жөндеуге – 330,8 мың теңге;

– 2017 жылға жобалау сметалық құжат дайындауға – 100,0 мың теңге;

– Көшелерді грейдерлеу жұмыстарына – 210,0 мың теңге;

– Жаңатұрмыс ауылының кіреберіс жолына смета дайындауға – 50,0 мың теңге;

– Жаңатұрмыс ауылының №29 ОМ дизельді генератор алу – 250,0 мың теңге;

– Мерекелік іс шаралар өткізуге – 217,0 мың теңге;

– Ақпараттық стенд дайындауға – 78,0 мың теңге;

– Көшелерді жарықтандыруға техникалық қызмет көрсетуге – 229,0 мың теңге;

– Елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға-156,0 мың теңге;

– Елді мекеннің қоқыс төгетін орнын дератизациялауға -80,0 мың теңге;

– Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға- 1084,0 мың теңге жұмсалды.

Абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша.

Қолма-қол бақылау шотынан елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға 1 084,0 мың теңге қаражат бөлініп, жұмыстар жүргізілді. Көктемгі және күзгі екі айлықтарындағы сенбіліктерге 1200 адам қатысты. Барлығы 550 ағаш оталып, 1050 ағаш әктелді, 2650 түп ағаш көшеттері отырғызылып, күтімге алынды. Ауыл көшелері, аулалар,  саябақтар, барлығы 27 мың шаршы метр жер тазаланып, жалпы ұзындығы 14 км арықтар тазаланды. Орталық алаңдағы ескерткіштері сырланып, төңірегі көгалдандырылды, 4 заңсыз төгілген қоқыс орындары тазаланды, барлығы  30 тонна қоқыс шығарылды.

Ауылдық округ әкімдігінің ұйымдастыруымен қолма-қол бақылау шотынан 210 000 теңге қаражат бөлініп жолдарды грейдерлеу жұмыстары жүргізілді.

Көшелерді жарықтандыру.

Жамбыл ауылының Ленин көшесіне ауруханаға дейін ұзындығы 900 метр ұзындығымен 3 088,4 мың теңге қолма-қол бақылау шотынан қарастырылып, жарықтандыру жүргізілді.

Көшелерді жарықтандыру бойынша техникалық қызмет көрсету және электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қолма-қол бақылау шотынан 229 000 теңге қаражат қарастырылып, толық игерілді.

Су құбыры «Қордай-су» КМК балансында. Бүгінгі күнге екі ауылдың тұрғындары ауыз сумен қамтылып жатыр.

Ауылшаруашылығы.

Ауыл тұрғындарының негізгі табыс көзі мал шаруашылығы. Бүгінгі күнде ауылдық округ бойынша жеке меншіктегі мал саны: ірі қара мал – 1312, оның ішінде сиыр – 587, жылқы – 151,оның ішінде бие – 79, қой – 5638 бас, оның ішінде саулық қой – 4364, ешкі – 449, үй құстары – 3040. Ауыл округінде барлығы 87 шаруашылық қожалығы бар, оның ішінде мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалығы бар. Шаруашылық қожалықтарының мал саны: ірі қара мал – 738, оның ішінде сиыр – 330, жылқы – 247, оның ішінде бие – 153,  қой – 11520, оның ішінде саулық қой – 9957, ешкі – 55, барлығы егін егіп, мал азығын дайындаумен айналысады.

Жамбыл ауылдық округі бойынша барлық жер көлемі 24947 га, егістік – 6302 га, суармалы – 960 га, жайылым жерлер – 18489  гектар. 2016 жылы 1511 га бидай орылып, өнімділігі гектарынан 12,3 центнерден, 1377 га арпаның   өнімділігі әр гектардан 22 центнер айналды.  201 га жүгері себіліп әр гектардан 76 центнер өнім алынды. Көкөніс 75,0 гектардан өнім жиналып, орташа өнімділігі 237 ц/га-дан айналды.

Астана, Алматы, Тараз қалаларында және Қордай ауданы бойынша өткізілген ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелеріне ауыл тұрғындары белсенді қатысты.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік көмектер.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен 2 жас маман және Жаңатұрмыс ауылына жарықтандыру жүргізу кезінде 1 азамат жұмыспен қамтылды.

Екінші бағыты кәсіпкерлікті дамыту бойынша ағымдағы жылы  5 азамат 13 100 000 теңге несие алды.

Үшінші бағыты бойынша 3 азамат кәсіптік оқуға, оның ішінде Жамбыл ауылынан бір адам аспазшы, екі адам автоэлектриктің оқуына жіберілді.

Округтегі 2 елді мекенде 2016 жылы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы ақылы қоғамдық жұмыстарға 15  жұмыссыз азамат тартылды.

Есепті жылда 18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған 198 отбасына 701 балаларға 14 119,3 мың теңге жәрдемақысы тағайындалды.

«Өрлеу» пилоттық бағдарламасы бойынша 11 отбасы 1 031,4 мың теңге алды. Сонымен қатар, денсаулығы нашар 5 азаматқа барлығы 369,0 мың теңге көмек көрсетілді.

Наурыз мейрамы да жоғары деңгейде аталып өтілді. Ұлыстың Ұлы күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылып, ұлттық және спорттық ойындар ойналды, 350 адамға наурыз көже таратылды.

Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне сыйлықтар ұйымдастырылды.

16 желтоқсан Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ауылдық округте мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті. № 26 және № 29 орта мектептерде салтанатты түрде және концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Жаңатұрмыс ауылында  волейбол ойынынан спорттық жарыс өтті. Жарысқа демеуші болған Қордай ауданы әкімдігінің спорт және дене шынықтыру бөлімі. Бұл жарысқа 4 команда Қасық, Степное, Жамбыл және Жаңатұрмыс ауылдары қатысып, жеңімпаздар марапатталды.

Жоғарыда айтылған ұлттық мерекелерге қолма-қол бақылау шотынан 214 000 теңге қарастырылып, толық игерілді.

«Мектепке жол» акциясында  округ бойынша аз қамтылған  және көп балалы отбасылардағы 69 оқушыларға мектеп формасын және мектеп құралдарын сатып алуға 490,0 мың теңге көмек көрсетілді. Осы акцияға «Камшат-Асель» ЖШС, «Central Asia Cold Corp» ЖШС және «Central Asia Cold Production» ЖШС, сонымен қатар мектеп ұжымы, ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты.

Денсаулық сақтау саласы бойынша.

Жамбыл ауылдық округінде дәрігерлік амбулатория қызметкерлері жұмыс атқарады. Амбулаторияда 2016 жылы күндізгі стационарда 168 ересек адам, 168 бала емделді. Ауылдық округте жыл бойы 165 нәресте дүниеге келіп.

Жастарды салауатты өмір салтына насихаттау.

Округте жастар мен жасөспірімдерді спортқа баулу және бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру мақсатында жасөспірімдер шығармашылық орталығынында биылғы жылы бокс, еркін, қазақша күрестер, самбо, қазақша күрес, теннис-шахмат үйірмесі, өнер үйірмелерінде 740-қа жуық бала қамтылған. Облыстық және аудандық жарыстарда мектеп оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Ауылдық округте өткізілген барлық мерекелік  іс-шараларда спорттық ойындардың түрлерінен жарыстар өткізілді. Жеңімпаздарға жүлделер мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Округіміз бойынша барлық әскери міндеттілердің саны – 642 адам, оның ішінде офицерлер – 8, әйел азаматтар – 34, барлық әскер қатарына шақырушылар – 232 адам. 18 шақырылушылар әскер қатарына алынды.

Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер.

Жеке және заңды тұлғалардан түскен ауызша және жазбаша өтініштер барлығы – 188, жеке тұлғалардан – 184, заңды тұлғалардан түскен өтініштер – 4, оның ішінде ауызша өтініштер – 15, жазбаша өтініштер – 173. Көтерілген сұрақтардың 126-ы қанағаттандырылған, 57-не түсініктеме берілген, 5 өтініш қаралуда.

Жыл бойы ауыл тұрғындарымен 25 жалпы жиын өткізілді.

 

Жамбыл ауылдық округінің әкімі        Д.Темір