Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі

          Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі

       «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы- «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті «Міндетті әлеуметтік сақтандыру» жүйесіне байланысты жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Осы мақсатта  Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының жауапты қызметкерлері  және департаменттің қалалық, аудандық бөлім басшыларының қатысуымен бірлескен семинар өткізілді.

Сондай-ақ, халыққа арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандару жүйесі бойынша ҚР азаматтары «ХҚКО» жүгінген жағдайда әлеуметтік мәртебесін «Электрондық Үкімет» порталы арқылы анықтап, мемлекет кім үшін төлейтіндігі туралы ақпараттық жаднамаға сәйкес, «ХҚКО» қызметкерлері тарапынан толық кеңес берілуде. Сонымен қатар өзіне-өзі қызмет көрсету секторына жүгінген мемлекеттік қызмет алушылардың мәртебесін анықтауда тиісті ақпаратты сапалы ұсынуды ұйымдастыруға баса назар аударылуда.

Сондай-ақ  департаменттің менторларымен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша департамент бөлімдерінің қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Жамбыл облысы бойынша 17 «ХҚКО» департаментінің барлығында халықты жұмыспен қамту орталығы қызметкерлері орналасқан.

Бүгінгі таңда  «Ресепшн» секторында Жұмыспен қамту орталығына жүгінген азаматтардың құжаттарын қабылдау, жұмыссыз жандарды тіркеу, оларды әрі қарай еңбекпен қамту немесе оқыту курстарына жіберу, өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға жұмыссыз статусын беру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қызмет көрсетілуде.

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы- «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің баспасөз қызметі