home
home home

Билік пен бұқара еңбектегі елеулі жиын

 

Ауданымызда қалыптасқан дәстүрге сай ауыл әкімдерінің есепті кездесулері басталды. Ауылдағы ағайынның бұл маңызды науқаннан күтері көп. Тұрғындар жергілікті билік өкілдерінен есепті мерзімде атқарылған істің нәтижесімен қатар, алдағы уақытта қолға алынар тірліктер турасында біліп, өз талап-тілектерін алға тартады. Ендеше, алғашқылар қатарында есеп беріп, жылды қорытындылаған Қарасай ауылдық округінің әкімі Күлжахан Елемесованың Еңбек ауылының тұрғындармен кездесуін назарларыңызға ұсынсақ

 

Иә, өткен жыл жалпы аудан, оның ішінде Қарасай ауылдық округі үшін жемісті болды. Мәселен, Қордай ауданында былтыр бас-аяғы 343,6 шақырым жол орта жөндеуден өтіп, 7,4 шақырым жол жаңадан салынса, Қарасай ауылындағы көшелерге толықтай асфальт төселді. Сонымен қатар, ауылдағы №20 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, игі іс тұрғындардың көңілінен шықты. Бұл атқарылған жұмыстардың бір парасы ғана.

Айта кетсек, алдағы жылдары округті дамыту жұмыстары мұнымен тоқталмақ емес. Мұнда Қарасай-Еңбек тас жолын жөндеу, орталықтандырылған ауыз су құбырын салу, газ құбырын тарту жұмыстарымен қатар, Қарасай ауылдық округіндегі Қырғау кен орнын игеру жұмыстары көзделген. Осы іспеттес игіліктерден құлағдар болған ауыл тұрғындары атқарылған жұмыстарға ризашылығын білдіріп, көкейінде жүрген сауалдарын жолдап, тұшымды жауап алды.

Мысалы, Құрманғазы Жетігенов Еңбек ауылдық клубы жөнделіп, жастар үшін жаңа секциялар ашылса деген тілегін жеткізді. Күлжахан Елемесова клубты жөндеуге қажетті жобалық-сметалық құжаттардың дайын екенін, қаражат бөлінгенде жөндеу жұмыстары басталатынын жеткізді. Сонымен қатар, алдағы уақытта Қарасай ауылында шағын футбол алаңы да бой көтереді екен. Тұрғындардың өзге де сұрақтарына жауабын берген ауыл әкімі көпшілікті ауызбіршілікке шақырып, ізгі тілектерін жеткізді. Өз кезегінде еңбектіктер атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, Күлжахан Елемесоваға жұмысына сәттілік тіледі.

 

 

Керудегі келелі кездесу

Ауыл әкімдерінің халық алдындағы есеп беру кездесулері жалғасын тауып, кезекті жиын Қаракемер ауылдық округіне қарасты Керу ауылында өтті. Онда округ әкімі Жұлдызбек Бақаевтың бір жылда атқарылған есебі тыңдалып, жиынға аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Талғат Асылбеков қатысты.

 

Аудан орталығынан шалғай демесеңіз бүгінде Керуде тындырылған тірлік аз емес. Өткен жылы ауылдың барлық көшелеріне түгелдей асфальт түсіп, интернет және телефон байланысы түбегейлі шешімін тапты. Осылайша тұрғындардың қуанышы еселене түсті. Алақандай ауыл болғанымен тұрғындардың ауызбіршілігі зор. Әрқайсысы өз алдына кәсіптерін дөңгелетіп келеді. Мұнда халықтың басым бөлігі ауыл шаруашылығын мықтап қолға алған. Кездесуде осы мәселені тілге тиек еткен округ әкімі Жұлдызбек Бақаев тұрғындар алдында өткен жылы атқарылған жұмыстары жайындағы есебін берді. Жалпы, бір жыл бойы атқарған тындырымды тірліктер, жеткен жетістіктер мен толағай табыстар ауыл тұрғындарының көңілінен шыққан. Осы тұста округ әкімі алдағы уақытқа жоспарланған жұмыстарға тоқталып өтсе, керуліктер әкімге өздерін толғандырған сұрақтар қойды. Атап айтсақ, ауыл жастары үшін алаңдаған ақсақалдар Керуге «стрит воркаут» алаңының салынуын сұрады. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалануды көздейтін тұрғындарға округ әкімі бұл мәселе жақын арада шешімін табатынын айтты. Нысан ауылдан шыққан кәсіпкердің көмегімен алдағы уақытта мектеп маңынан салынатын болып шешілді. Сондай-ақ, жиында Қаракемерге қатынайтын жолдың мәселесі де көтеріліп, ол бойынша Жұлдызбек Бақаев жолдың ағымды жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатқанын атап өтті. Округ әкімі Жұлдызбек Бақаевтың бір жыл бойы атқарған жұмысына ауыл тұрғындары оң бағасын беріп, алдағы жұмыстарына жетістік тіледі.

 

танымды сўраќ – тўшымды жауап

 

Масаншы ауылдық округінің әкімі Рамазан Малиевтің халық алдындағы есепті кездесуі Күнбатыс-1 және Күнбатыс-2 ауылдарында өтіп, 2020 жылы атқарылған жұмыстармен қатар алға қойған жоспарларымен бөлісті

 

Жалпы, өткен жылға көз жүгіртіп, округте атқарылған жұмыстарды нақты сандардан бастасақ, 2020 жылы округтегі бюджеттің кіріс бөлігі 122,2% артығымен орындалғанын аңғаруға болады. Сонымен қатар, есепті мерзімде жергілікті бюджеттен 887406,3 мың теңге қаражат түрлі мақсаттарға жұмсалған. Нақтырақ айтсақ, аталмыш қаражат пандемия кезінде округті дезинфекциялау, округтегі көшелерді жарықтандыру және бағдаршам электр энергиясын төлеу, Масаншы және Қаракемер ауылдарының ортасындағы көпірге жөндеу жұмыстарын жүргізу, округті абаттандыру, жобалық-сметалық құжаттар жасау, Масаншы ауылындағы «Мәңгілік ел» көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалған. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Береговая-Меркі көшесінен М.Горький көшесіне дейін көше жарығы орнатылды. Үкімет Резервінен Масаншы ауылындағы 41 көшені орташа жөндеуге 575875,0 мың теңге бөлініп, жұмыстар аяқталды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Күнбатыс-1 ауылындағы Жіңішке және Күнбатыс-2 ауылындағы Батыс, Шығыс көшелерін асфальттауға 65283,0 мың теңге бөлініп, жұмыстар аяқталды.

Ауылдық округте 108 шаруа қожалығы және 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестік тіркелген. 2020 жылы округ бойынша жалпы сомасы 20000,0 мың теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді. «Асар» жобасы арқылы 9000,0 мың теңгеге көпбалалы және аз қамтылған 3 отбасыға тұрғын үй берілді. Ауыл әкімінің баяндамасынан кейін ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын ала алды.

 

«кґгілдір отын» кґп кїттірмейді

 

Дүйсенбі күні есепті кездесу Сортөбе ауылдық округіне қарасты Бұлар батыр ауылында өтіп, ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы Р.Фушанло былтырғы жылы атқарылған жұмыстарды жіпке тізді. Жиынға аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы А.Әлімқожаев қатысты.

 

Атап айтсақ, Сортөбе ауылында 24 көшені орташа және ағымды жөндеуге 604 млн. теңге бөлініп, көшелерге асфальт төселген. Ал, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында көшедегі жарық шамдарын ауыстыруға 10 млн. теңге қарастырылып, жұмыстар толығымен аяқталған. Есепті баяндаманы тыңдап, әкімдік жұмысына оң бағасын берген жергілікті тұрғындар, бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Мәселен, Бұлар батыр ауылының тұрғыны Ю.Дыров Сұлусай көшесін асфальттау және тозығы жеткен трансформаторды ауыстыру мәселесін көтерді. Бұл сұраққа ауылдық округ әкімінің орынбасары М.Гаров жауап беріп, Сұлусай көшесін асфальттау жобасы дайын екенін жеткізіп, трансформатор жайлы түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, трансформаторды, сонымен бірге тозығы жеткен желілер мен бағаналарды ауыстыру жөнінде тиісті хаттар Қордай АЭС-на жолданған. Өткен жылы мемлекет тарапынан қомақты қаражат бөлініп, ауданда газдандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілгені белгілі. Осы орайда тұрғындар газ үйлерге қашан жетеді деген сұрақты алға тартты. Бұл сұраққа кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы А.Әлімқожаев жауап беріп, магистральды газ құбыры дайын екенін жеткізді. Ендігі кезек жекеменшік мердігерлерде. Қазіргі таңда олар ауыл ішіндегі желілерді жүргізіп, үлкен жүктемеге байланысты артта қалушылық байқалуда. Дегенмен, бөлім басшысы ауыл тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізетініне сендірді. Сонымен қатар балабақша құрылысы мен көшелерді жарықтандыру бойынша сұрақтар көтеріліп, жергілікті әкімдік тарапынан тиісті жауаптар берілді.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.