Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Бос тұрған әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға үміткерлерді таңдау жөніндегі конкурстық комиссияның соңғы жиналысының №15 ХАТТАМАСЫ

Бос тұрған әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға үміткерлерді таңдау жөніндегі конкурстық комиссияның соңғы жиналысының

 

№15 ХАТТАМАСЫ

 

Қордай ауылы                                                                                      «31» тамыз 2016 жыл.

 

Қатысқандар:

 

Ботабеков Төленді Санақұлы Аудан әкімі аппараты басшысының м.а., комиссия төрағасы;
Әлімқожа Динар Ардаққызы аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің бас маманы,  комиссия хатшысы;
Комиссия мүшелері:

 

Алпысбаев Ерік Серікұлы Аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімшесінің басшысы;
Почуева Алина Александровна Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік – құқықтық  жұмысы бөлімшесі басшысының міндетін атқарушы;
Ниязгулова Ғайни Рахатқызы Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру – инспекторлық жұмысы бөлімшесінің бас инспекторы;
Алтаев Даурен Уалиханұлы Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі  басшысының м.а.;

 

Байқаушылар қатарынан «Қордай шамшырағы-Кордайский маяк» аудандық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Айгүл Саметқызы Ануарбекова және «Вестник предпринимателя» қоғамдық-саяси газетінің редакторы Сабанова Шолпан қатысты.

Сарапшылар қатарынан аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы Кішкенова Балжан Бакытбековна қатысты.

 

КҮН ТӘРТІБІ

 

-E-4, E-R-4 санаттары бойынша бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға құжаттарын өткізген үміткерлермен әңгімелесу жүргізу және әңгімелесудің қорытындысы бойынша бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға ұсыну.

  1. Қордай ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің бас маманы Е-4 – санаты, 1 бірлік № 01-08-02 бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымға әңгімелесуге жіберілген үміткер:

1) Райымбекова Альмира Жумабаевна.

2) Дунчебаев Эльдар Давлетович.

  1. Қордай ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы E-R-4 cанаты 1 бірлік №01-02 бойынша бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымға әңгімелесуге жіберілген үміткер:

1) Сарсенбаев Ербол Куатханович.

2) Орманов Ерлан Корганбаевич.

            Конкурстық комиссия, конкурсқа қатысушылармен өткізілген әңгімелесу нәтижелерін қорытындылай отырып, бір ауыздан келесі шешімді қабылдады:

  1. Қордай ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің бас маманы Е-4 – санаты, 1 бірлік № 01-08-02  бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу үшін Райымбекова Альмира Жумабаевна ұсынылсын;
  2. Қордай ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы E-R-4 cанаты 1 бірлік №01-02 бойынша бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу үшін Сарсенбаев Ербол Куатханович ұсынылсын;

                       

Конкурстық комиссияның төрағасы:                                                                             Т.Ботабеков

Конкурстық комиссияның хатшысы:                                                                            Д.Әлімқожа

Конкурстық комиссия мүшелері:                                                                                 Е.Алпысбаев

А.Почуева

Г.Ниязгулова

Д.Алтаев