Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Қордай ауданы бойынша бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялау туралы хабарлама

Хабарландырудың мәтіні үшін дербес жауапкершілік

персоналды басқару қызметінде

Қордай ауданы бойынша бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялау туралы хабарлама:

 Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

                       -E-R-4 санаты үшін:  жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

            -E-R-5 санаты үшін:  жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

            – Е-G-3 санаты үшін жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

            – Е-G-4 санаты үшін:  жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

 

Санаты Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы
теңгеден теңгеге дейін
E-R-4 73288 99106
E-R-4 64960 88279
Е-G-3 69957 94109
Е-G-4 62461 84115

 

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

 

080400, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі №106 (2 қабат, 27,28 кабинет),

анықтама үшін телефон/факс:8 (72636)2-11-68, 4-30-12 (akimat_k@mail.ru)

                                   

           

  1. Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің есеп-қисап және коммуналдық меншікті басқару секторының бас маманы, (уақытша, негізгі қызметшінің балаға күтім жасау мерзіміне) E-R-4 cанаты (№01-04-01)

            Функционалдық міндеттері: Аудандық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есепті жасайды. Аудандық бюджетке кіріс түсімдерін есептеу жүргізу, төлемақы құжаттарын ресімдеу және тіркеу. Аналитикалық есеп жүргізу, есептегі қалдықтарды бақылау, жинақ қаржыландыру жоспарының төлемдер мен міндеттемелерін орындалуына есеп беру. Қаржы бөлімі аппараты бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсын ұйымдастыру. Бюджеттің кіріс бөлігі бойынша аудандағы әлеуметтік экономикалық жағдайы туралы баяндама дайындау, аудандағы әлеуметтік экономикалық дамуын және бюджеттің кіріс бөлігінің жоспарын әзірлеу және келісім жасау, аудандық бюджеттік комиссияның отырысына құжаттарын әзірлеу және аудан бюджетінің кіріс бөлігін түзету.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы.  Мамандығы – қаржы немесе экономика немесе есеп және аудит.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары  бөлімінің бас маманы, E-R-4 санаты (01-02)

            Функционалдық міндеттері:Аудан бойынша жер балансын дайындау. Айлық, тоқсандық, және жылдық есеп беру. Жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) өткізуге қатысу. Жерге орналастыру жобаларына құжаттарды дайындау және қатысу,жергілікті атқарушы органдардың шешім жобаларын дайындау. Заңды және жеке тұлғалардың ұсыныстарын қарауға қатысу. Құрылыс мәселелері бойынша материалдар,ақпараттар дайындау. Құрылыс нысандары бойынша жұмыстарды үйлестіру, олардың пайдалануға берілуіне дейін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі–қызмет  көрсету саласында  немесе техникалық ғылымдар және технологиялар. Мамандығы – жерге орналастыру немесе кадастр немесе геодезия және картография.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бюджеттік саясат және жоспарлау секторының бас маманы E-R-4 cанаты 1 бірлік №01-05

            Функционалдық міндеттері: Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімін ұстау үшін штаттық кестесін, шығындар сметасын, қаржыландыру жоспарын әзірлеу және бекіту, бухгалтерлік есебін жүргізу, бюджеттік бағдарламаларды орындау барысында айлық, тоқсандық және жылдық есептерді құру, аудандық қаржы бөліміне, статистика бөліміне және салық басқармасына тоқсандық есебін өткізу, келесі қаржы жылына бюджеттік тапсырысты құру. Еңбек ақының, міндетті аударымдардың, салық аударымдарынын есебін және банктік мекемелерімен төлемдер жүргізу. Бухгалтерлік құжаттамаларынын дұрыс және уақытылы дайындау, рәсімдеу. Тауар-материалдық құндылықтарға есеп жүргізу, жүзеге асырылатын қызметтердің сұрақтары бойыша мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру, мемлекеттік сатып алулар бойынша есептерді әзірлеу және тапсыру. Әкімшілік-шаруашылық және басқа да шығындарының, штаттық, қаржылық және кассалық тәртібінің қатан сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды, сонымен қатар, іссапар куәліктерін жүргізу. Есептелген еңбек ақы және аударымдар жөніндегі мәліметтерін ай сайын хабарландыру және әр қызметкерлердің қолына беру.

Сектор жұмысына қатысты басқа да сұрақтар.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы – Қаржы немесе экономика немесе есеп және аудит.

  1. Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы E-R-5 cанаты, 1 бірлік №01-04

            Функционалдық міндеттері: Діни бірлестіктермен жұмыс жүргізу. Аудандық бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты және қоғамдық саяси ахуалды жүзеге асырады. Аптасына бір рет облыстық ішкі саясат басқармасына дайжест жіберу. Жетекшілік ететін сұрақтар бойынша мәжілістерге, жиналыстарға материалдарды дайындаумен айналысады.        

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе білім саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы. Мамандығы – гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе құқықтану немесе қызмет көрсету саласындағы (жалпы).

  1. Қордай ауданы Қасық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, (уақытша, негізгі қызметкердің балаға күтім жасау мерзіміне) E-G-3 – санаты 1 бірлік (№01-05).

Функционалдық міндеттері: Ауылдық округі әкімі аппаратында бақылауға алынған Президенттің, Үкіметтің, облыс және аудан әкімдерінің, әкімдіктерінің актілерінің орындалуы бойынша жинақтау папкаларын жүргізу. Автоматтандырылған «Сайлаушы» сайлау жүйесін шақыру бойынша жұмысын қамтамасыз ету. Ауылдық округ әкіміне қызметіне сәйкес құжаттарды дайындау. Ауылдық округ әкімі аппаратында Президенттің, Үкіметтің, облыс және аудан әкімінің, ауылдық округ әкімінің актілерінің орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асыру, орындалу сапасына бақылау жасау. Ауылдық округ тұрғындарына анықтама беру, шаруашылық кітаптарын жүргізу, мөрлердің сақталуына жауапты.

Округке қарасты елді мекендерде жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша профилактикалық жұмыстардың сапалы жүргізілуін және толық мал басының қамтылуына ықпал ету. Округ аймақтарында жануарлардың экзоотиялық ауруларды тіркелген жағдайда аумағын анықтап толық мәліметтер беру. Елді мекендерде мал жаятын орындарды айқындау, санитарлық тазалықты сақтау, қаңғыбас иттер мен  мысықтарды аулауды ұйымдастыру, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құжаттарын дайындап аудан әкімдігінің ветеринария бөліміне тапсырады. Тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімдердің жобасын дайындау. Тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдердің жобасын дайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес өз құзіреті шегінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Мамандығы – жалпы.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы Отар ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман-бухгалтері E-G-4 санаты, 1 бірлік №01-06

            Функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік есеп-қисапқа қатысты, ауыл округі әкімінің шешімдері мен өкімдері бойынша қабылдайды. Ауыл округі әкімінің аппаратының штаттық кестесі мен әкімшілік басқару шығыстарының сметасының тура сақталуының шарасын жасайды. Бухгалтерлік құжаттарды,кассалық және материалдық есептерді қосымшаларымен біріге сақталуына жауап береді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы – экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы Үлкен Сұлутөр ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман – бухгалтері E-G-4 санаты, 1 бірлік № 01-04

            Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ әкімінің бухгалтерлік есепке тиеселі өкімдері мен шешімдерінің орындалуына шара қолдану. Ауылдық округ әкімі аппаратының әкімшілік жобалық – басқару шығындары және штаттық кестенің дұрыс орындалуын жүзеге асырады. Бухгалтерлік есеп құжаттарына, кассалық, материалдық шоттарға және де оның қосымшаларына жауапты.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы – экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы Сұлутөр ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман-бухгалтері E-G-4 санаты, 1 бірлік № 01-04

            Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ әкімінің бухгалтерлік есепке тиселі өкімдері мен шешімдерінің орындалуына іс-шара қолдану. Ауылдық округ әкімі аппаратының әкімшілік жобалық – басқару шығындары және штаттық кестенің дұрыс орындалуын жүзеге асырады. Бухгалтерлік есеп құжаттарына, кассалық, материалдық шоттарға және де оның қосымшаларына жауапты.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы – экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы Сұлутөр ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы E-G-4 санаты, 1 бірлік № 01-05

            Функционалдық міндеттері: Ауылдық округі әкімі аппаратында бақылауға алынған Президенттің, Үкіметтің, облыс және аудан әкімдерінің, әкімдіктерінің актілерінің орындалуы бойынша жинақтау папкаларын жүргізу. Автоматтандырылған «Сайлаушы» сайлау жүйесін шақыру бойынша жұмысын қамтамасыз ету. Ауылдық округ әкіміне қызметіне сәйкес құжаттарды дайындау. Ауылдық округ әкімі аппаратында Президенттің, Үкіметтің, облыс және аудан әкімінің, ауылдық округ әкімінің актілерінің орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асыру, орындалу сапасына бақылау жасау. Ауылдық округ тұрғындарына анықтама беру, шаруашылық кітаптарын жүргізу, мөрлердің сақталуына жауапты. Округке қарасты елді мекендерде жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша профилактикалық жұмыстардың сапалы жүргізілуін және толық мал басының қамтылуына ықпал ету. Округ аймақтарында жануарлардың экзоотиялық ауруларды тіркелген жағдайда аумағын анықтап толық мәліметтер беру. Елді мекендерде мал жаятын орындарды айқындау, санитарлық тазалықты сақтау, қаңғыбас иттер мен  мысықтарды аулауды ұйымдастыру, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құжаттарын дайындап аудан әкімдігінің ветеринария бөліміне тапсырады. Тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімдердің жобасын дайындау. Тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдердің жобасын дайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес өз құзіреті шегінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Мамандығы – Жалпы.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы Қарасай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман-бухгалтері E-G-4 санаты, 1 бірлік №01-03

Функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік есеп-қисапқа қатысты, ауыл округі әкімінің шешімдері мен өкімдері бойынша қабылдайды. Ауыл округі әкімінің аппаратының штаттық кестесі мен әкімшілік басқару шығыстарының сметасының тура сақталуының шарасын жасайды. Бухгалтерлік құжаттарды,кассалық және материалдық есептерді қосымшаларымен біріге сақталуына жауап береді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы – экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы Ноғайбай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман-бухгалтері E-G-4 санаты, 1 бірлік № 01-05

Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ әкімінің бухгалтерлік есепке тиселі өкімдері мен шешімдерінің орындалуына іс-шара қолдану. Ауылдық округ әкімі аппаратының әкімшілік жобалық – басқару шығындары және штаттық кестенің дұрыс орындалуын жүзеге асырады. Бухгалтерлік есеп құжаттарына, кассалық, материалдық шоттарға және де оның қосымшаларына жауапты. Мемлекеттік сату алу бойынша жұмыс жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы – экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы Қордай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман-бухгалтері Е-G-4 санаты, 1 бірлік №01-08

            Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ әкімі аппаратының  әкімшілік – басқармалық сметаларын және штаттық кестесін дұрыс сақтау бойынша, белгіленген уақытқа сәйкес жылдық және айлық бухгалтерлік есептерді сақтайды және жүйелік дайындықтар мен жол сапар қағаздарын дайындайды. Жалақы бөлумен айналысады, зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жөнінде операцияларды, банкке құжаттар дайындап, кассалық операциялар мен басқа ұйымдармен расчеттар бойынша операция жүргізеді. Бухгалтерлік құжаттарға, кассалық және материалдық шоттарына, бухгалтерия жұмыстарының сапалы және уақтылы орындалуына және оның жоғарғы деген орындалуына, кассалық кітаптарға, мемлекеттік қызметкерлердің тұлғалық шоттарына, жұмысшылар және сала қызметкерлерінің айналым ведомостің жүргізуге жауап береді. Бухгалтерлік есеп-қисапқа қатысты, ауыл округі әкімінің шешімдері мен өкімдері бойынша шаралар қабылдайды. Бухгалтерлік құжаттарды, кассалық және материалдық есептерді қосымшаларымен бірге сақталуына жауап береді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы – экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы Кенен ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман – бухгалтері E-G-4 санаты, 1 бірлік № 01-03

Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ әкімінің бухгалтерлік есепке тиселі өкімдері мен шешімдерінің орындалуына іс-шара қолдану. Ауылдық округ әкімі аппаратының әкімшілік жобалық – басқару шығындары және штаттық кестенің дұрыс орындалуын жүзеге асырады. Бухгалтерлік есеп құжаттарына, кассалық, материалдық шоттарға және де оның қосымшаларына жауапты.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы – экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы Кенен ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман-қаржы агенті E-G-4 санаты, 1 бірлік № 01-04

            Функционалдық міндеттері: Салық есебін жүргізеді, салық және міндетті төлемдерді жинайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Мамандығы – Жалпы.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
  • 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
  • бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) № 086У нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  • конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

            Сертификат алу үшін келесі тестілеу бағдарламасы қарастырылған:

            E-4, E-R-4, Е-G-3, Е-G-4 санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясын, «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге, мемлекеттік тілді білуге арналған тестілерді қамтиды.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Қордай ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың  өздері  қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106, (27, 28 -кабинет) мекен-жайында орналасқан Қордай ауданы әкімі аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

 Ж.Дадабаева , ( 8 /72636/ 2-11-68, 4-30-12

25.11.2016