Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Қордай ауданы бойынша бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялау туралы хабарлама.

Жарияланған хабарландыру мазмұнына

персоналды басқару қызметі жауапты

 Қордай ауданы бойынша бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялау туралы хабарлама:

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 – E-R-3 санаты үшін: жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдарының кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші сержанттар құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жарым жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;

6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің бар болуы.

            – Е-G-3 санаты үшін       жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

            – Е-G-4 санаты үшін:  жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

 

Санаты Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы
теңгеден теңгеге дейін
E-R-3 96607 129920
Е-G-3 69957 94109
Е-G-4 62461 84115

 

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

 

080400,Қордай ауданы,Қордай ауылы, Төле би көшесі №106 (2 қабат, 27,28 кабинет),

анықтама үшін телефон/факс:8 (72636)2-11-68, 4-30-12(akimat_k@mail.ru)

  1. Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту бөлімінің қаржыландыру, бухгалтерлік есеп секторының меңгерушісі E-R-3 санаты, 1 бірлік №01-03-01

Функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік есеп-қисапқа қатысты, ауыл округі әкімінің шешімдері мен өкімдері бойынша шаралар қабылдайды. Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің штаттық кестесі мен әкімшілік басқару шығыстарының сметасының тура сақталуының шарасын  жасайды.  Бухгалтерлік құжаттарды, кассалық және материалдық есептерді қосымшаларымен бірге сақталуына жауап береді.

          Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы.

Мамандығы – Экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе құқықтану.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы Үлкен Сұлутөр ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман – бухгалтері E-G-4 санаты, 1 бірлік № 01-04

            Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ әкімінің бухгалтерлік есепке тиеселі өкімдері мен шешімдерінің орындалуына шара қолдану.Ауылдық округ әкімі аппаратының әкімшілік жобалық – басқару шығындары және штаттық кестенің дұрыс орындалуын жүзеге асырады. Бухгалтерлік есеп құжаттарына, кассалық, материалдық шоттарға және де оның қосымшаларына жауапты.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы – экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу.Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы.«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы Сұлутөр ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы E-G-3 санаты, 1 бірлік № 01-02.

            Функционалдық міндеттері: Іс қағазын жүргізу, нотариат іс-әрекеттерін орындау, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы – Жалпы.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

  1. Сортөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы E-G-3 санаты, 1 бірлік № 01-04

            Функционалдық міндеттері: Іс қағазын және мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын жүргізу. Нотариат іс-әрекеттерін орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы – Жалпы.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы Қордай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман ветеринары E-G-3 санаты, 1 бірлік №01-10.

Функционалдық міндеттері: Округке қарасты елді мекендерде жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша профилактикалық іс-шаралар жоспарын бекітілген мерзімінде орындау, ветеринариялық препараттардың талапқа сай сақталуын, профилактикалық жұмыстардың сапалы жүргізілуін және толық  мал басының қамтылуын ұйымдастыру. Округ аймақтарында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу, компютерлік базаға енгізу, жануарларға паспорт беріп, емделгендігі жөнінде толтыру. Округ аймақтарында жануарлардың энзоотиялық аурулары тіркелген жағдайда аумағын анықтап толық мәліметтер беру, оның профилактикасы, диагностикасы және жою бойынша жүргізілетін іс-шараларды жүзеге асыру, сатылатын, сатып алынатын ауылшаруашылығы жануарларын тіркеу, карантинде ұстау, сондай-ақ жануарларды сою алаңдарында сояр алдында ветеринариялық тексеру жүргізу, сойған жануарлардың ұшалары мен ішкі ағзаларын тексеріп қарауды және ветеринариялық анықтама беруді, ветеринариялық заңнамаға  сәйкес мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды) күтіп ұстау, елді мекендерде мал жаятын орындарды айқындау, санитрлық тазалықты сақтау, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды ұйымдастыру, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құжаттарын дайындау, ветеринариялық іс-шаралардың есебін жүргізіп, ветеринария саласындағы заңнамаларына сәйкес аудан әкімдігінің ветеринария бөліміне тапсырады.              

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы – Жалпы.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман–бухгалтері E-G-3 санаты, 1 бірлік № 01-09.

            Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ әкімі аппаратының  әкімшілік – басқармалық сметаларын және штаттықы кестесін дұрыс сақтау бойынша, белгіленген уақытқа сәйкес жылдық және айлық бухгалтерлік есептерді сақтайды және жүйелік дайындықтар мен жол сапар қағаздарын дайындайды. Жалақы бөлумен айналысады, зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жөнінде операцияларды, банкке құжаттар дайындап, кассалық операциялар мен басқа ұйымдармен расчеттар бойынша операция жүргізеді.

Бухгалтерлік құжаттарға, кассалық және материалдық шоттарына, бухгалтерия жұмыстарының сапалы және уақтылы орындалуына және оның жоғарғы деген орындалуына, кассалық кітаптарға, мемлекеттік қызметкерлердің тұлғалық шоттарына, жұмысшылар және сала қызметкерлерінің айналым ведомостің жүргізуге жауап береді. Бухгалтерлік есеп-қисапқа қатысты, ауыл округі әкімінің шешімдері мен өкімдері бойынша шаралар қабылдайды. Бухгалтерлік құжаттарды, кассалық және материалдық есептерді қосымшаларымен бірге сақталуына жауап береді.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы.

Мамандығы – Экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы Қордай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-әскери-есеп столының инспекторы E-G- 3 санаты, 1 бірлік №01-12.

Функционалдық міндеттері: Әскери міндеттілердің есебін жүргізеді. Әскери қызмет жалпы әскери міндеттілік сұрақтарының орындалуын қамтамасыз етеді.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы – Жалпы.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы Отар ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман-бухгалтері E-G-4 санаты, 1 бірлік №01-06

            Функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік есеп-қисапқа қатысты, ауыл округі әкімінің шешімдері мен өкімдері бойынша қабылдайды.Ауыл округі әкімінің аппаратының штаттық кестесі мен әкімшілік басқару шығыстарының сметасының тура сақталуының шарасын жасайды.Бухгалтерлік құжаттарды,кассалық және материалдық есептерді қосымшаларымен біріге сақталуына жауап береді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы.Мамандығы – экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу.Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы.«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Сарыбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман есепші кассирі E-G-3 санаты, 1 бірлік № 01-07

Функционалдық міндеттері: Салық  есебін  жүргізеді,  салық  және   міндетті  төлемдерді жинайды.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы – Жалпы.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Бетқайнар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы E-G-3 санаты, 1 бірлік №01-07

Функционалдық міндеттері: Іс қағазын және мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын жүргізу. Нотариат іс-әрекеттерін орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы – Жалпы.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы Қарасай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман-бухгалтері E-G-4 санаты, 1 бірлік №01-03

Функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік есеп-қисапқа қатысты, ауыл округі әкімінің шешімдері мен өкімдері бойынша қабылдайды.Ауыл округі әкімінің аппаратының штаттық кестесі мен әкімшілік басқару шығыстарының сметасының тура сақталуының шарасын жасайды.Бухгалтерлік құжаттарды,кассалық және материалдық есептерді қосымшаларымен біріге сақталуына жауап береді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы.Мамандығы – экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу.Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы.«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
  • 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
  • бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) № 086У нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  • конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

            Сертификат алу үшін келесі тестілеу бағдарламасы қарастырылған:

Конкурска қатысуға құқық беретін сертификатты алу үшін E-R-3  санаты бойынша келесі тестілеуді бағдарламасы қарастырылған:  мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма), логикалық тапсырма (10 тапсырма), ҚР Конституциясын (15 сұрақ), «ҚР Президенті туралы» (15 сұрақ) ҚР конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) ҚР Заңдарың білуге арналған тест.

            Е-G-3, Е-G-4 санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясын, «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге, мемлекеттік тілді білуге арналған тестілерді қамтиды.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Қордай ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде жалпыконкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың  өздері  қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106, (27, 28 -кабинет) мекен-жайында орналасқан Қордай ауданы әкімі аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

 

 

 

 

 

Ж.Дадабаева , ( 8 /72636/ 2-11-68, 4-30-12