Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Қордай ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Қордай ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

 Е-3 санаты бойынша:жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

Е-R-2 санаты бойынша:жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

 E-G-3 санаты бойынша:жоғары білім;

жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

        Мемлекеттік  әкімшілік  қызметшілердің  лауазымдық  жалақылары

 

Санаты Лауазымдық  жалақысы  қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде
 Тенгеден бастап  Тенгеге дейін
Е-3 102437 138248
E-R-2 127422 172394
E-G-3 69 957 94 109

 

            Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппаратыбос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

 

Индекс 080500, Қордай ауылы, Төле би көшесі №106, 2 қабат, №27,28 кабинет, тел: 8(72636)2-11-68, факс:4-30-12) электрондық почта: akimat_k@mail.ru.

 

  1. Қордай ауданы әкімінің бас инспекторы 1 бірлік, Е-3-санаты, (№01-06)

            Функционалдық міндеттері: Діни экстремизм және терроризмге қарсы күрес бойынша тиісті шараларды үйлестіру. Аудан әкімдігімен және аудан маслихатымен шешім қабылдап әзірлеу үшін, аудан аумағында діни экстремизм және терроризмге қарсы күрес бойынша нормативтік-құқықтық актілерді дайындау. Аудандық терроризмге қарсы комиссияның отырысын ұйымдастыру және өткізу. Аудандағы діни бірлестіктермен өзара әрекет ету. Аудандық терроризмге қарсы комиссия отырысының хаттамалық тапсырмасын орындау бойынша мәліметті толықтыру, Жамбыл облысы әкімдігіне жоғарыда көрсетілген бағыттағы атқарылған іс-шаралар бойынша есеп беру және Қазақстан Республикасы министрліктерінің аумақтық бөлімдерінен және аудан әкімдігінің бөлімдерінен діни экстремизм және терроризмге қарсы  алдын алу және діни жағдай бойынша мәлімет алу. Аудан аумағында орналасқан ведомстволық бағынысты кәсіпорындар мен мекемелерде тәуелсіз меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының діни экстремизм және терроризмге қарсы күреске қатысты заңнамалық актілер талаптарының орындалуын бақылау. Аудан әкімінің қарауына аудан аумағына орналасқан объектілердің инфрақұрылымын және өмір-тіршілігін жетілдіру және қауіпсіздігін күшейту бойынша ұсыныс дайындау. Аудан әкімінің қарауына ауданның шекара маңында орналасқан елді мекендерінің аумағы мен тұрғындарының қауіпсіздігін күшейту және жетілдіру  бойынша ұсыныс дайындау. Аудан аумағында дағдарыс жағдайы туындаған жағдайда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өкілетті мемлекеттік органдардың бірлескен іс-әрекеттеріне қатысу. Аудан әкімі және аудан әкімі аппараты басшысының тапсырмаларын орындайды. Аудандағы терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтардың материалдық-техникалық және тылдық қамтамасыз ету топтарының жұмыстарын үйлестіру.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі –әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы немесе әскери іс және қауіпсіздік саласындағы немесе құқық саласындағы.  Мамандығы – ­­әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе әскери іс және қауіпсіздік (жалпы) немесе құқық саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі басшысының орынбасары E-R-2 санаты, 1 бірлік №01-02

Функционалдық міндеттері:Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуын қадағалау. Білім беру саласына бөлінген бюджеттің атқарылуы туралы есептерді бюджеттік заңнамаларда белгіленген формада және мерзімінде құрады және ұсынады. Жалпы білім беру мекемелерінің, білім бөлімінің  қаржылық жұмыстарына басшылық жасау және бақылау. Жоғары тұрған органдардың басшыларының қаулыларының, шешімдерінің, бұйрықтарының орындалуын бақылау. Мекемеге қарасты ұйымдарға жоспарлы қаражат бөлуді ұйымдастыруды жүзеге асыру. Шығыс сметасының орындалуын, педагог қызметкерлердің тарификациясын, құрылымы мен штатын бақылау. Мәліметтің уақытында және сапалы дайындалуына жауапты болу. Еңбек, қаржы, материалдық қорларды үнемді пайдалану саясатын жүргізеді. Үнемдеу жұмыстарын тиімді ұйымдастырудың жетілдірілген түрі мен бақылау мен талдау әдісімен қамтамасыз ету. Білім беру ұйымдарының білім үйлестіру орталығының, жалпы білім беру ұйымдарының, есеп тапсыруына басшылық жасау және бақылау; Басшының жеке өкімдерін орындауға. Бюджеттік рұқсаттамаларды рәсімдеу тәртібін сақтау және бақылау. Ағымдағы жұмыстар жөнінде білім беру ұйымдарымен тығыз байланыс жасау. Қарауындағы мекемелердің шығыс сметасының орындалуына экономикалық талдау өткізу. Шығыс сметасының орындалуы бойынша мезгілдік және жылдық есеп берудің тапсырылуын қамтамасыз етеді. Сектор жұмысына басшылық жасайды; Бухгалтерлік операцияларды тауарлық – материалдық құндылықтарды және қаражаттарды көрсету. Білім беру ұйымдарының ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарына бақылау жасау. Мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізу, мердігерлермен жасалған келісім шарттармен үнемі танысып отыру, орындалуын қадағалау.       

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Білім саласындағы немесе құқық саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы.

Мамандығы – Білім саласындағы (жалпы) немесе құқық саласындағы (жалпы) немесе  экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

3.Қордай ауданы Қарасу ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы E-G-3 санаты, 1 бірлік № 01-08

Функционалдық міндеттері: Ай сайынғы және тоқсандық есептерді уақытылы өткізу, нотариаттық іс әрекеттерді жүргізу. Қайырылған заңды және жеке тұлғалардың өтініштері мен арыздарын тіркеуге алу, ЕУОЛ бағдарламасына тіркелулерін қадағалау және есебін тапсыру. Мемлекеттік сатып алуды жүргізу. Әкімшілік аппаратындағы техжұмысшылардың жеке істерін жүргізу. Ауыл әкімінің арнаулы тапсырмаларын орындау.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы – Жалпы.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

            Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы  жарияланған күніненбастап3 жұмыс күннің ішінде, жоғарыда көрсетілген  мекен жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың  өздері  қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге  жіберілген  кандидаттар, әңгімелесуге жіберілген туралы хабар алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішіндеҚордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі №106 мекен жайда орналасқан Қордай ауданы әкімі  аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

Ж.Дадабаева , ( 8 /72636/ 2-11-68, 4-30-12