home
home home

Маңызды мәселе

 

Қордай аудандық сотында Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы А.Қылышбекова, Қордай ауданы әкімдігінің бас маманы  Е.Токтагулов,  Қордай аулдық округі аппаратының бас маманы А.Абсеитов, Қордай АПБ-нің ТБ-нің  анықтаушысы  М.Аникбаев, адвокат Ж.Бекешева, Жамбыл облысы бойынша заң консультантары палатасының өкілдері Е.Тустикбаев, Ж.Куанышбеков және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік тілді дамыту» тақырыбында  онлайн режімінде  дөңгелек үстел өткізілді.

Судья Б.Турлыбаев  өз баяндамасында  лауазымды тұлғалардың мемлекеттік тілді қолдануының негізгі принциптері жайында айтып берді, сондай-ақ олар тарапынан Қазақстанда ұсынылған мемлекеттік және өзге де тілдердің қолданылуы мен оқытылуына кедергі жасаған жағдайдағы көзделген жауапкершілік туралы баяндады. «Қазіргі уақытта еліміздің барлық мемлекеттік органдарында, мекемелері мен ұйымдарында, сонымен қатар жергілікті өзін өзі басқару органдарында кіріс және шығыс құжаттары толықтай мемлекеттік тілде жүргізіледі, және бұл асыра айтылғандық емес.     

Мұндай тенденция, сондай-ақ, Қордай аудандық соты тарапынан сақталып келеді. Бүкіл құжаттар айналымы тек қана мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда орыс тіліндегі аудармасы қоса беріледі. Сот істерін жүргізу тілі арыз берілген тілге байланысты болады», – деп атап көрсетті өз сөзінде судья.

Бұдан басқа ол кейбір жағдайларда осы аталған Заң талаптары қылмыстық қудалау органы өкілдері тарапынан тиісті деңгейге орындалмайтындығын атап көрсетті. Қылмыстық іске қатысушылардың барлығы қазақ тілді болғанына қарамастан қылмыстық іс материалдары орыс тілінде қозғалады, бұл істің сотта сол тілде жүргізілуі қажеттігіне әкеп соғады.

Сонында  судья Б.Турлыбаев «Тіл тағдыры – ел тағдыры» екенін ескере отырып, еліміздің әр азаматы тіліміз үшін әлі де тынбай қызмет етуі керек екендігін айтты.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.