home
home home

Вакцина – бұл антиденелер өндірісін ынталандыру арқылы кез-келген ауруға қарсы иммунитетті қамтамасыз етуге арналған препарат.

Вакцинаның әр компонентінің нақты қызметі болады және әр ингредиент өндіріс процесінде тексеруден өтеді. Барлық ингредиенттер қауіпсіздікке тексеріледі.

🔹 Антиген – вакцинаның негізгі ингредиенті. Бұл патогенді микроорганизмнің ең кішкентай бөлігі немесе микроорганизмнің өзі, тек әлсіреген және қауіпті емес. Ағза антигенмен кездескенде, аурудың дамуынсыз онымен күресуді үйренеді.

🔹 Адъюванттар – иммундық жүйенің антигенге шабуыл жасайтын бөгде зат ретінде жауап беруін қамтамасыз етеді.

🔹 Консерванттар – вакциналардың тиімділігінің сақталуына мүмкіндік береді.

🔹 Тұрақтандырғыштар – сақтау және тасымалдау кезінде вакцинаның тиімді болып қалуын қамтамасыз етеді.

Естеріңізге сала кетейік, 1 ақпаннан бастап Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцинация басталады.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.