home
home home

Вирустан қалай сақтанған жөн – дәрігер кеңесі

Мамандар коронавирустың алдын алу үшін профилактикалық шараларды мейлінше қатаң сақтауға шақырады. Алыс сапарға шықпай, көпшілік орындарға бармауға кеңес береді. Сондай-ақ қолды жиі жуып, әрдайым бетперде таққан жөн. Дәрігерлер иммунитетті көтеру үшін қандай дәрумендер қажет екеніне де тоқталды.
«Медициналық бірреттік бетперделерді 2 сағат сайын ауыстырып отыру. Көп реттік бетперделерді жуып отыру, үтіктеу. Соңғы зерттеулерге қарағанда қолдан тігілген бетперделердің эффектісі өте аз деп саналады. Қазір кейбір кісілер бетпердеге антисептик сеуіп алып жатады. Ол жүрек ақаулары бар, аллергиясы бар адамдарға зиян.
65 жастан асқан кісілерге, созылмалы ауруы бар адамдарға бұл індет өте қауіпті. Сондықтан мейлінше сақтану керек. Ал балалардың бет-ауызын жиі жуып, тамағы мен мұрнын арнайы ертіндімен шайып отырсаңыз артықтық етпейді. Жеміс-жидекті, С дәруменін күнделікті ас мәзіріне қосыңыздар. Әсіресе цитрустық жемістер пайдалырақ.»-дейді, Нұрғабылова Сағыныш жоғары санатты инфекционист дәрігер.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.