home
home home

Жамбыл облысында коронавируспен күрес шараларына 5 миллиардтан астам теңге бөлінді. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев халыққа есеп беру кездесуінде қаралған бюджет қаражаты қайда бағытталғанын айтып берді.

📍Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 8 мобильді емхана сатып алынды, бұл дәрігерлердің науқастарға келуін жеделдетуге, ауылдық жерлердегі медициналық көмектің сапасын жақсартуға мүмкіндік беруде.

✅ Коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін вакцинациямен облыстың 18 жастан 64 жасқа дейінгі 600 мыңға жуық тұрғынын қамту көзделуде.

– Жақын арада Қордай, Талас және Т.Рысқұлов аудандары КТ-аппараттарымен қамтамасыз етіледі, биыл 200 төсектік онкологиялық диспансердің құрылысын аяқтау, облыс орталығында «Мейірім» медициналық орталығының, облыстық көпбейінді аурухананың, Байзақ ауданында емхананың және Қордай аудандық орталық аурухананың құрылысын бастау жоспарлануда, – деп хабарлады Бердібек Сапарбаев.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.