home
home home

Жетінші шақырылымдағы Қордай аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабарлама

Жетінші шақырылымдағы Қордай аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабарлама

 

2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Қордай аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.

Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 89210 азамат енгізіліп, оның 72323 немесе 81,07 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.

Дауыс беруге 71293 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 21 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 541 сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға 4 саяси партия қатысты.

Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде мынадай дауыс саны берілді:

 

Қордай ауданы

«Nur Otan» Партиясы – 61830 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 88,14 пайызы;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 7333 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 10,45 пайызы;

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 594 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,85 пайызы;

«ADAL» саяси партиясы – 396 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,56 пайызы.

 

  1. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар белгіленсін:

«Nur Otan» Партиясы – 88,14 пайыз;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 10,45 пайыз.

 

  1. Саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды мынадай бөлу белгіленсін:

«Nur Otan» Партиясы – 17;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 2.

 

 

 

Қордай аудандық

аумақтық сайлау комиссиясы           


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта