home
home home

жол жөнге келді

 

Дәстүрге айналған ауыл әкімдерінің ел алдындағы есепті жиыны Алға ауылдық округінде өтті. Округ әкімі Берік Әбілдаев Мұзбел мен Көгадыр ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстарды ағынан ақтарды.

Көгадыр Алға ауылдық округіне қарасты елді мекен. Округ орталығынан 9 шақырым жердегі тау жоталарын жағалай орналасқан. Әлі күнге қазақи салтты сақтап, дәстүрін дәріптеуде алдына жан салмайтын көгадырлықтар үшін өткен жыл үлкен мәселенің түйінін тарқатқан жыл болды десек артық айтқандық емес. Мысалы, мұндағы басты проблема Алға мен Көгадырдың ортасындағы жол еді. Тіпті тоғыз шақырымды тоғыз рет жүрген соң көліктің тозығы да жететін. Десе де, өткен жылы көгадырлықтар үшін қуанышты жыл болып, ауылға Үкімет қолға алған «Нұрлы жол» бағдарламасының шапағаты жетті. Осылайша, жұмысқа қажетті қаржы бөлініп, ескі жолдың топырағы сүріліп, жаңа асфальт төселді. Бүгінде ауыл халқының қуанышында шек жоқ. Мұнда өзге де өзекті мәселелер ескеріліп, тұрғындардың тілегі орындалып келеді. Осы тұрғыда ел алдында есеп берген округ әкімі Б.Әбілдаевтың бір жыл бойы жасаған жұмысына қанағаттанарлық баға беріліп, алдағы жұмыстарына сәттілік айтылды. Осыдан кейін округ әкімі Мұзбел ауылына жол тартып, ондағы тұрғындармен кездесті. Айта кетсек, Мұзбел ауылы да өткен жылға өкпелі емес. Мұнда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ауылдың кіреберіс жолы жөндеуден өтіп, бүгінде тұрғындар қиындықсыз орталыққа қатынайтын болды. Баяндамасы барысында ауыл әкімі округтегі жеткен жетістіктер, түскен табыстар, жүйелі жоспарлармен бөлісті. Сұрақ-жауап кезеңінде ауыл тұрғындар өздерін мазалаған сұрақтарын ортаға салып, ол бойынша тиісті жауаптар берілді. Тұрғындар әкімнің жұмысына оң бағасын беріп, жоспарлардың орындалуына тілекші екендерін жеткізді.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.