home
home home

Жүйелі жоспарлар жемісі

 

 

Ауыл әкімдерінің халық алдында есеп беру кездесулерінің кезегі Соғанды ауылында жалғасын тапты. Бетқайнар ауылдық округі құрамына кіретін елді мекенде өткен жиынға ауыл тұрғындары көптеп жиналып, округ әкімінің бір жыл бойы атқарған жұмысымен танысты.

 

Кездесуде Бетқайнар ауылдық округінің әкімі Талғат Үрістемов 2020 жылы атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, округ әкімі өз есебінде ауыл шаруашылығы, егілген егістік көлемі, одан өндірілген өнімдер, мал шаруашылығындағы көрсеткіштер, бюджеттің атқарылуы, «Өңірлерді дамыту», «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша игерілген қаржы, салық, инвестиция тарту, елді мекенді абаттандыру, кәсіпкерлікті дамыту сынды салалардың әрбіріне жекелей тоқталды. Әкім есебіне сүйенсек округте атқарылған оңды істер көп-ақ. Мәселен, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша округ орталығындағы Қарасу көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жасалса, «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша Соғанды ауылындағы Х.Мамбетәлі көшесіне де орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Осылайша, өткен жылда атқарылған жұмыстар мен түскен табыстарды, түйінін тапқан мәселелерді жіпке тізген ауыл әкіміне ауыл тұрғындары өз бағасын беріп, атқарылған жұмыстарға көңілдері толатынын білдірді. Ағымдағы жылға да межеленген жоспарлар халық көңілінен орын алып, алдағы уақытта сол жұмыстардың орындаларына сенім білдірді. Ауыл әкімінің есебі аяқталған соң тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылды. Әр сұраққа аса мән берген Талғат Үрістемов барлығына тиісті жауаптарын беріп, алдағы уақытта жауабы берілетінін айтты. Осылайша, көптен күткен кездесу де өз мәресіне жетіп, ауыл тұрғындары әкім жұмысына сәттілік тіледі.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.